№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ұлт рухының жаршысы

Ұлт рухының жаршысы


Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қазақтың ұлттық аспаптарын насихаттап, домбыра, сыбызғы, сазсырнай сынды дәстүрлі музыкалық аспаптармен орындауға арналған туындылар топтамасын, яғни, «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын шығарудың маңыздылығын айтты. Осы ретте, ұлттың рухын асқақтататын бастаманы шет елдерде насихаттап, қазақтың қасиетті домбырасының қоңыр үнін шарықтатып жүрген жаңақорғандық Ержан Арқабаевтың рухани болмыс-бітімі көпке үлгі-өнеге.

Ол аудандағы өнер мектебінен түлеп ұшып, еңбекқорлығы мен ізденімпаздығының арқасында Түркия президенті Ережеп Тайып Ердоғанның алдында өнерін ортаға салып, қазақтың қара домбырасының құдіретінен туындаған әуездің ғажаптығын көпке көрсетті.
Қазақ күйлерін еуропалық стильде қайта жандандыруды мақсат тұтқан жас күйші бабадан қалған күйді шет елдерде көпшілікке ұсынып жүр. Ол Түркияның Анкара қаласында домбыра үйірмесін ашқан алғашқы қазақстандық.
– Алғаш Түркия еліне барғанымда, түркі халықтарының аспаптарын біріктіріп, қазақ халқының күйін орындауды армандадым. Содан Анкара қаласында оқып жатқан, өнерге ықыласты жастармен бірге ансамбль құрып, бейнебаян түсірдік. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында дала фольклоры туралы, ұлттық аспаптар туралы айтылған. Қазақ күйлерін заманауи форматта жасап, ұлттық музыкамызды насихаттауды қолға алдым, – дейді күйші.
Бүгінде жас күйші Түркияда домбырадан сабақ беріп, ұлттық аспаптарды насихаттауда. Қазір 30-дан аса шәкірт тәрбиелеуде. Оқушылары арасында этникалық қазақтар мен түрік балалары да бар екен. Ол жоғары деңгейдегі концерттерде өнер көрсетіп, түркі халқының назарын қазақтың домбарысына аударып жүр.
Ержан жастайынан ұлттық аспапқа құмартып, домбыраны қолына алады. Мектептен кейін Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжіне түсіп, одан әрі Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетін үздік аяқтаған. Алғашқы еңбек жолын облыстық филармония жанынан құрылған «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінде бастайды. Талантты жас 2013-2014 жылдары облыстық филармонияның атынан ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен өткен Түркиядағы Наурыз фестиваліне қатысып, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі құрамында өнер көрсетіп, Түркияның бірнеше қаласында болып, қазақ өнерінен, музыкасынан түркі халқына тарту жасайды. Ал, 2015 жылы Түркияның Коня қаласындағы Недж-меттин Ербақан университетінің магистранты атанды.
– Әрдайым шығармашылық ізденісте жүремін. Түркияның «Есімсіздер», «Дирениш Қаратай» фильмдеріне саундтрек жаздым. Коня қаласындағы «Orhun Kültür-Sanat-Müzik-Film-Prodüksiyon» продюсерлік орталығымен бірлесіп, «Домбыра – түрік рухы» деген атпен қазақ тарихи күйлерінің digital альбомын шығардым. Енді қазақ күйлерін таныту, дәріптеу, насихаттау мақсатында альбом СD форматын жасауды жоспарлап жүрмін. Түркітілдес елдерден оқуға келген өнерпаз студенттерді жинап, «Отау» ұлт аспаптар ансамблін құрдық, – дейді Ержан Арқабаев.
Иә, өнерді өміріне балаған дарын иесі биыл магистрліктің соңғы курсында. Қазіргі уақытта Анкара қаласындағы «Халыққа білім беру орталығына» домбыра курсын кіргізуді қолға алған жігіт, осы елде докторлықты оқуды жоспарлауда екен.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
09 ақпан 2019 ж. 1 351 0