№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАЙЫЛМА ШЫРЫНЫ НАРЫҚҚА ЖОЛ ТАРТТЫ

ЖАЙЫЛМА ШЫРЫНЫ НАРЫҚҚА ЖОЛ ТАРТТЫ


Тұңғыш Президенттің халыққа арнаған Жолдауында ауылшаруашылығы саласында кез келген иіні келген кәсіпті дамытып, экономиканың драйверіне айналдыруды тапсырған болатын. Жақында ғана Жайылмада қарбыз шырынын шығаратын цехтың тәжірибелік сынама ретінде іске қосылғанын осы міндеттердің қатарына жатқызуға болады.


Бүгінде жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аудару қажеттігі туындап отыр. Оған қоса, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікпен айналысамын деген ынталы азаматтарға көп қолдау көрсетілуде. Яғни, бағдарламалар арқылы қаржылай қолдау мен тегін кеңес беріліп, кәсіп ашамын деген ниетті жандар жұмысын жандандыруда. Соның айқын бір дәлелі – қарбызымен танымал Жайылма ауыл­дық округінде қарбыз шырынын шығаратын цехтың іске қосылатынын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Енді міне аудан әкімі Ғалым Әміреевтің табандылығының арқасында іске кіріскен неміс инвесторы Иоханн Марс пен «KazExpert­Trade» ЖШС-нің мамандары цехты іске қо­сып, тәжірибелік сынама жүзінде алғашқы қарбыз шырынын шығарды. Толығымен неміс технологиясы арқылы өңделетін шырын арнайы бұрандалы қақпашасы бар полиэтиленге құйы­лып, ауыл тұрғындарына жол тартты. Таза табиғи химикатсыз өсірлген қарбыздан жасалған шырын аграрлы саланың қарқынды дамуына жол ашатыны белгілі. Бұл жөнінде аудан әкімі Ғалым Әміреев:
– Таудың таза суымен суғарылатын Сыр өңірінің бренді болған жайылманың қарбызы алыс-жақын шетелге кеңінен таныс. Жыл өткен сайын қарбыз өніміне сұраныс артпаса кеміген емес. Өңірдегі «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» аясында іске қосылып жатқан цехтың болашағы баянды. Неміс инвесторларына ауылдағы «Сенім» шаруа қожалығына тиесілі жердің бір бөлігі беріліп, цехтың жергілікті жерде орналасуына мүмкіндік жасалды, – деді.
Жалпы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойында орналасқан шағын кәсіпорын қарбыздан сағатына 1 тонна 100 литр табиғи сусын өңдіріп, арнайы қоймада сақтауға қауқарлы. Өз кезегінде ауыл әкімі Талғат Зейдалиев брендті өнімнің табиғи шырынға айна­лып, өнімнен өндіріске көшкенін қуана жеткізді.
– Жайылма ауылы бойынша жылына орта есеппен 400-600 гектарға жуық аумаққа бақша дақылы егіледі. Ерте өнім алған диқандар қауын-қарбызын көршілес Ресейге экспорттады. Десе де, биыл қарбыз да, онымен айналысушылардың да көптігінен өнім арзанға бағаланып, алыс сапардан оралғандардан табыстың мәз емес екенін естідік. Енді дақылға дәрі қоспай, өзінің пісу мерзімінде кешігіп болса да кемеліне жетіп пісіп-толған қарбызды осы цехқа жөнелтуге қапы қалмаққа тырысып жатырмыз. Бұдан түсетін пайда да мол болатыны айқын. Биылғы жылы тек тәжірибе жүзінде іске қосылған цех алдағы уақытта жайылмалықтар үшін толық қуатында жұмыс істейтін кәсіпорынға айналатыны сөзсіз, – дейді ауыл әкімі Талғат Зейдалиев.
Айта кететіні, биыл тек сынамадан өткен Жайылма шырынын дайындау бұл жерде сақ­тау орны қарастырылмағандықтан әзірге Алма­ты қаласында орналасқан алма шырынын шығаратын зауытта өндірілетін болады. Бастау алған іс аяқсыз қалмауы үшін. Жайылманың қарбызын танытуда әзірге осындай амалға көшу дұрыс та шығар.
Ауыл әкімі неміс компаниясының Оңтүстік астанаға өздерімен бірге 20 тонна қарбызды алып кеткенін, тағы да 30 тонна қарбызды жөнелтуге дайындалып жатқанын жеткізді. Алматы қаласында өңдірілетін жергілікті өнім «Жайылма шырыны» деген атаумен еліміз бойынша дүкен сөрелеріне қойылмақ.

Лаура БИБАСАРОВА
10 тамыз 2019 ж. 1 135 0