Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАЙЫЛМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ

ЖАЙЫЛМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ


Елбасы биылғы Жолдауында жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға баса назар аударуға пәрмен берген болатын. Оған қоса, биыл Сыр өңірінде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланғаны белгілі. Бұл өз кезегінде ынталы кәсіпкерлердің аяққа нық тұруы үшін үлкен мүмкіндік. Тек әрбір тұрғын кәсіптің тетігін тауып, ерінбей еңбек етуге әрекет жасаса болғаны. Осы тұста, Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша облыс әкімінің жанынан құрылған кәсіпкерлер кеңесі жұмыс жасайды. Аталған кеңес мақсаты – кәсіпкерлікте кездесетін әкімшілік кедергілерді азайту, өңір де жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға қолдау көрсету.
Міне, осы мақсатта жақында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК ҚФ-мен бірлесе отырып, Жайылма ауылының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Жүздесудің басты тақырыбы – «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары талаптарының сақталуы бойынша, сондай-ақ «Ішкі нарықта жеткізушілердің сапасы» Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін жақсарту бойынша шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Басқосу барысында ауыл әкімі Талғат Зейдалиев Жайылма ауылдық округі бойынша нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2018 жылғы мәліметіне сәйкес, мал басын көбейту бағыты бойынша, егін жай, үйрек өсіру жобаларын іске асырып жатқанын тілге тиек етті. Бұл жобаға облыстық «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ тарапынан егін жайларды орналастыру бағыты бойынша несиелік қаржы бөлінсе, мал басын көбейту бағытына «Өңірлік қаржыландыру орталығы» арқылы несие алынғанын атап өтті ауыл әкімі.
Округтегі мұндай шаруалықтардың одан әрі дамуы жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ететін болады.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге департамент қызметкерлері азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған, өлшемнің теріс салдарынан қорғау қажеттілігі туралы нормативтік құқықтық актілердің мақсаты мен міндеттерін туралы ақпарат берді. Сондай-ақ проблемалық мәселелер жөнінде сауалнама өткізілді.
«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК ҚФ мамандары жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, және де мемлекеттік стандарттау жұмыстарының бағыты, халықаралық менеджмент жүйесі, нормативтік техникалық құжаттардың Бірыңғай Фонды өнімдерді каталогтау жүйесі туралы ақпараттарды кеңінен түсіндірді.
Кездесудің қорытындысы бойынша техникалық реттеу, метрология саласының нормативтік құжаттар талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық жауаптар беріліп, осы салаға қатысты бұдан әрі де өзара қарым-қатынас және заңнамалар талаптары бойынша мәселелерге түсіндірмелер беру бағытында келісім жасалды.

Әбдісамат ӘБДІШ.
04 қыркүйек 2018 ж. 951 0