№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖҮГЕРІ СУСЫНЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖҮГЕРІ СУСЫНЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ


Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға баса назар аударуға пәрмен берді. Стратегиялық құжаттан туындаған басым бағытты жүзеге асыру бағытында Сыр елінде биыл «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланды. Бұл да болса, кәсібін дөңгелеткісі келген ынталы кәсіпкерлерге үлкен демеу.
Осындай мемлекет қолдауын сезініп, шағын өндірісін іске қосуға жұмыс жасап жатқан кәсіпкердің бірі – кейдендік Қасым Әбжаппаров.
Ол өткен жылы Қазақастанда жоқ жобаны қолға алып, мемлекеттік грантқа ұсынған болатын. Яғни, жүгері шаруашылығын дамыту арқылы ақ жүгері мен бидайдан сусын шығару технологиясына бизнес-жоспар жасады. Осылайша, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шең­берінде ұйымдастырылған гранттық негіздегі конкурсқа қатысты. Жаңашыл жоба жеңімпаз атанып, 3 млн. теңге қайтарымсыз қаржыға ие болды. Бұл 2017 жылдың тамыз айы болатын. Міне, содан бері осы кәсіптің қыр-сырына қанығып, Шығыс Қазақстан облысына шағын цехтың құрылғыларына тапсырыс берді. Мұндай заманауи аппараттарды шығыстағы тапсырыс қабылдаушылар шекара асып, Қытайдың Үрімші қаласынан тапты. Десе де, сағымша сырғыған сүйінші хабар, күні кеше жетті. Қасым Әбузайырұлының көптен күн заманауи аппараты Кейден ауылына келді. «Жақсыны көрмекке» деп бізде бардық ауылға. Жүк көлігіне тиелген шағын зауыт құрылғылары әлі жерге түсіріліп үлгермеген екен.
– Жасыратыны жоқ Жаңақорғанға жеткізу оңайға соқпады. Алайда бастаған істі соңына дейін жеткізбей, орта жолдан тайқуға болмайды. Себебі, мемлекет кәсіп ашып, жұмыс жасаймын деген ынталы азаматтарға барлық жағдайды жасаған. Міне, сондай мемлекет қолдауын бізде сезіндік. Ойға алған жоспардың жүзеге асуына қолдау көрсетті. Бұған дейін жүгері шаруашылығын қолға алып, түйілген жүгері шығаруды жолға қойған болатынбыз. Нарықтағы сұраныста жақсы. Тек ертелі-кеш тер төгіп, еңбектенсең болғаны, – дейді Қасым Әбжаппаров.
Иә, кейдендік кәсіпкер мемлекет қолдауынан бөлек, 2 млн. теңге қосымша қаржы салғанымен әлі де цехтың толыққанды қуатында жұмыс жасауы үшін қыруар қаржы керек. Орнату жұмыстарын жүргізу үшін енді «Өңірлік инвестициялық орталығына» 5 млн. теңге қаржы алуға құжаттарын дайындап қойған. Одан бөлек, арнайы ғимарат құрылысын жүргізуде. Бастысы – жаңашыл технология қолында. Ендігі тек қаржы көздіктерін қарастырып, өндірісті іске қосу керек.
Бізде өз кезегінде кейдендік шаруадан сусын шығаруға неге жүгері өнімін таңдағанын сұрадық. Оның айтуынша, бойына А, В, С, Е дәрумені, калий, магний, қант секілді пайдалы заттарды жинаған жүгерінің жүз пайдасы бар. Оған қоса, мұндай жүгері өнімінен шығатын сусынға Қазақ тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шармановтың өзі жоғары бағасын берген. Академияның сараптау зерханасынан өткізіп, са­палы, құнарлы сусын шығаруға мол мүмкідіндігі бар екендігін жеткізген. Осындай, ғылыми тұрғыдағы сарап­таудан қанаттанған Қасым Әбжаппаров өзі жетекшілік ететін «Әбділда» шаруа қожалығына тиесілі 15 гектар аумақтың 10 гектарына жүгері дақылын себуге дала жұмыстарына дайындықты бастап кетті. Өзі егіс егіп, әрі одан отандық өнімді шығаруға бел байлаған кәсіпкердің шаруасы ширақ. Бұл Елбасы Жолдауында айтылған: «Қазақстанның агроөнер­кәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс» деген пәрменімен сабақтасып тұрғандай. Экологиялық тұрғыдан таза жүгері өнімінен шығарылатын сусын әзірге Қазақстанда жоқ жоба екен. Сондықтанда тың технологияны пайдалана отырып, тезірек құрылғыларды іске қосуға асығуда. Өйткені, мемлекеттік гранттың шартына сай, мамыр айының соңында өндіріс іске қосылуы тиіс. Осындай жауапкерлішілік жүгін сезінген кәсіпкер мемлекет үдесінен шығатын, халыққа қолжетімді бағадағы отандық өнімді жасау жолында аянбай еңбектенуде. Бұған дейін «Попкорн» шығару өндірісін жол қойып, Жаңақорған, Шиелі, Түркістан нарқын бағындырған кәсіпкердің келешегі кемел. Болашағы баянды. Өйткені, ол түйір нанның тамшы терден тұратынын жақсы біледі. Расында, бизнес деген осылай, талпынасың, ерінбесең, еңбегің еселі. Бұл – табыстың өзі һәм көзі.

Әбдісамат ӘБДІШ.
24 сәуір 2018 ж. 1 664 0