№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жас атауы: қой жасы дегеніміз не?

Жас атауы: қой жасы дегеніміз не?

  Қозы жасындағы бала он беске – отау иесі делінетін жасқа келісімен бастауышты бітіріп, жоғары класқа көшкен оқушыдай кәсібін ауыстырады. Отау иесі жасындағы бозбаланы қой бағуға жарамайды деп қазақ ешқашан ойлаған емес. Сондықтан да он бес пен жиырма бестің арасын «қой жасы» деген.

  Ал сиыр мен түйеге ие болу кәрі-құртаңның сыбағасы. Қазақтың ертедегі ең көп ұстаған малы жылқы мен қой, онан соң түйе. Он бес пен жиырма бестің арасын «қой жасы» дейтіні бір қора қойды ит-құсқа жегізбей, жоғалтпай бағу. Жауын-шашында, боранда аман сақтау, күн шыққаннан қас қарайғанша жалықпай жайып, кең далада жападан-жалғыз жүру, осы жастағы адамның ғана қолынан келеді. Рас, осынау қиындықтарға төзу оңай емес. Бірақ төзбеуге болмайды. Дала тіршілігіне көндігу – бұлжытпай орындалуы тиіс заң. Осы «қой жасынан» тек еті тірілер ғана, өз-өзіне сенгендері ғана «жылқы жасына» өтеді. Емтиханнан өте алмағандары сол қойдың соңында біржола қалып қояды.
18 наурыз 2019 ж. 2 112 0