№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жас атауы: қозы жасын білесіз бе?

Жас атауы: қозы жасын білесіз бе?

   Қазақ ұлды оннан асқанда «қозы жасына» келді деп атайды. Бұл шақта баланың міндеті – қозыны бағу. Бұл еңбекке баулудың бастауыш класы іспетті. «Қозы жасы» аталуы да содан.

  Кезінде қағаз-қалам ұстап партада отырған оқушысы болмағанымен, өрісте қолына таяқ ұстап, еңбекпен шыныққан баласы бар қазақ бір жағынан зиян тартса, бір жағынан пайда тауып жатты. Түбінде оқу-ғылым теріс емес қой. Бірақ түйенің өзі – түйе, ал құмалағы түйе болмайтынындай оқығанның бәрі ойлаған жерден шыға бермейді ғой.

  Кей халықтың қозы жасындағылары сары далада сарылып қозы бақпақ тұрғай, жеңіл-желпі киініп есік алдына шықса ауырып қалады. Тұрмысы жайлы үлкен қалалардың биік-биік үйінен басқа ештеңесін көрмеген он жасты қойып, жиырмадағы жігіті ауылға келгенде отын бұта, не ағаш жар деп қолына балта берсең, өмірінде ондайды істеп көрмеген ақсаусақ пақырлар балтаны ағашқа емес, аяғына тигізіп жараланып жатады. Расында, қазіргі жұртқа қозы жасындағы балаға неше жүз қозыны ит арқасы қиянға апарып жаю өте қиын көрінгенімен, ол кезде сол жастағыларға одан жеңіл жұмыс жоқтын. Мал бағудың ең оңай жолы – қозы болатын.

А.Сейдеметова.

18 наурыз 2019 ж. 4 315 0