№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлыбританияның ең кәрі моделі 67 жаста

Ұлыбританияның ең кәрі моделі 67 жаста


Үнемі ашық бикинимен суретке түсіп жүрген корнуоллдық 67 жастағы Сьюзи Монти, өзін «Ұлыбританиядағы ең кәрі сәнді модель» деп атайды. Бұл туралы bigpicture хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Өз жасынан жас көрінетін Сюзи, таңғажайып дене бітімінің арқасында, тіпті өзінен үш есе кіші жігіттердің назарын аударады.
«Жанкүйерлерім менің жас денедегі жасы келген әйел екенімді ұнатады», – дейді бойы 170 см болатын зейнеткер.
Ұлыбританияның ең кәрі сәнді моделі, тіпті 20 жастағы ер-азаматтардың өзі оны көргенде артына бұрыла қарайды дейді.
Сюзи өзі үшін ерекше жетістікке қол жеткізді. Ол сәнді журналдарға тұрақты түсірілім жасау арқылы қызықты фото сеанстарын біріктіреді. Сонымен қатар, ол өзін Хелен Миррен шабыттандырады деп, содан үлгі алады екен.
Сюзи отыз-қырық жыл бойы модель болған. Бірақ, 40 жастан астаннан кейін ол мононуклеоз ауруына шалдығып, мансабын тоқтата тұруға мәжбүр болды. Тек 20 жылдай уақыт өткен соң ғана денсаулығын қалпына келтіріп, сән әлеміне қайта оралды.
Ол жақсы көріну үшін, тек пайдалы тағамдарды ғана тұтынады. Сондай-ақ, үнемі бет пен денеге арналған ылғалдандыратын кремді пайдаланады екен.
«Жас мөлшері – ол сіздің басыңызда. Сіз өзіңізді қаншалықты жас сезінсеңіз, соншалықты жас боласыз. Ешқашан жасым келді деген оймен, өз армандарыңыздан бас тартудың қажеті жоқ», – дейді Сюзи.
Сондай-ақ, ол күн сәулесінен қорғану үшін бетіне жиі күтім жасайды екен. Сюзи дене пішінін қалыпты үлгіде сақтау үшін күн сайын итімен серуенге шығып, таза ауамен тыныстап қайтады.
«Модельдік бизнес – менің құмарлығым. Мұның бәрі қарапайым көрінеді, бірақ егер сіз осы мәселеде қандай да бір табысқа қол жеткізгіңіз келсе, онда сізге жұмыс істеуге тура келеді», – дейді Сюзи.
16 мамыр 2018 ж. 1 173 0