АНАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕ ЖҮРУІНЕ БІР ЖЫЛ ҚОСЫЛДЫ (ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ 59-ҒА ҰЗАРТЫЛДЫ)
Tengrinews.kz Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59 жас болды, - деп хабарлады.
Қазіргі уақытта ерлер зейнетке 63 жасында шығатын болса, әйелдердің зейнет жасы 2018 жылдың 1 қаңтарында көтерілген еді. Яғни, - 58,5 жас.
Енді, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш 59 жас, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 59,5, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 60 жасқа ұзарады екен.. Осылайша әйелдердің зейнетке шығу жасы 2027 жылға дейін өсіп отырады да, қорытындысында 63 жасқа дейін ұзарады.
Айта кететіні, қазақстандық азаматшалар қажетті соманы жинаған жағдайда 50 жасында-ақ зейнетке шыға алады. 2018 жылы бұл цифр 13,5 миллионға жеткен. Ал кейбірі зейнетке ерте шыға алады. Заңға сәйкес, бұл норманы экологиялық қауіп аймағында тұрған, бес немесе одан да көп бала туған немесе асырап алған жағдайда қолдана алады. Асырап алған балалардың жасы 8-ге дейін болуы керек, сонда ғана әйелдер 53 жасында зейнетке шыға алады.

Пікір 2