№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КЕНТТЕ ЖАҢА ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

КЕНТТЕ ЖАҢА ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ


Бүгінде шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша назар аударуда. Жергілікті жерлерде кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары күн санап артуда. Бұл дегеніміз – өңір экономикасының өркендеуіне мол септігін тигізеді. Аудан бойынша жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отырған жан жетерлік. Міне, сондай жас кәсіпкердің бірі – Арман Ибрагимов. Ол – аудан орталығында қонақ үй бизнесінің дамуына үлесін қосып, кенттегі Тәуелсіздік көшесі бойынан жаңа қонақ үй ашты. Кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына келген аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков алғы сөзін арнады.

– Аймақтағы билік жұмысының көрсеткіш критерийінің бірі – жергілікті жердегі кәсіпкерлердің санымен, өндірістің дамуымен бағаланатынын ескерсек, кәсіпкерлікті демеуге ден қойған Сыр өңірі республикада көш басында келеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалы артса – елдің де еңсесі тіктеліп, бәсекеге қабілеттілігі жоғарылай түседі. Міне, соның айқын көрінісі – 2018 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған ең үздік өңір деп танылды. Ал, Жаңақорған ауданы республика бойынша кәсіпкерлік көрсеткіші дамыған үздік 2 орынға шықты. Осындай жоғары көрсеткіштен көрінуге жаңақорғандық кәсіпкерлердің де үлесі қомақты. Бүгінгі ашылып отырған жаңа қонақ үй де ел игілігіне қызмет көрсететін заманауи нысанның қатарынан табылсын, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Мұнан кейін ел ағалары мен мешіт имамының батасын алып, қонақ үйдің лентасын қиды. Әрі жиналған көпшілік қонақ үйдің ішкі мүмкіндігімен танысты. Заманауи үлгідегі нысан қалалық қонақ үйлерден еш кем емес. Әрбір бөлменің дизайны мен түсқағазы тынығушы тараптың талғамына сай безендірілген.
– Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға баса назар аударып келеді. Президент пәрменінен нәтижелі іске көшкен аймақ басшысы Қ.Елеуұлы облыста кәсіпкерлік саласын дамытуды сөз күйінде қалдырмай іспен дәлелдеді. Яғни, Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялады. Бұл бастама кейін үшжылдыққа ұзартылды. Бізде жергілікті жерде қонақ үй бизнесін дамытпақ ниетте осындай қызмет көрсету сервисін қолға алдық. Жалпы, қонақ үй құрылысына 70 миллион теңге қаржы жұмсалды. Оның ішінде, «Даму» АҚ қоры тарапынан 12 миллион теңге алдық. Алдағы уақытта елге келген туристер мен қонақтарды қарсы алуға сақадай саймыз. Қалалық типтегі бүкіл жағдайы жасалған. Бір сөзбен айтқанда, тұтынушы талғамына сай, – дейді кәсіпкер Арман Ибрагимов.
Айта кету керек, қонақ үй кешені ауласында дәмхана мен қоғамдық монша орналасқан. Яғни, келімді-кетімді қонақтарға тек жатынжаймен ғана қамтамасыз етпей, осындай кешенді сервистік қолдау тапқан. Шыны керек, кент орталығында қонақ үй тапшы. Бүгінгі таңда тіркелгені – 8. Көбіне үлкен қалалардан қонақ келсе, шипажайдың қонақ үйін пайдалануға зәру. Сондықтан, жыл санап кентте заманауи талапқа сай қонақ үй бизнесінің дамығаны қажет.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.


12 ақпан 2019 ж. 964 0