Соңғы жаңалықтар

№35 (8849) 13

13 мамыр 2025 ж.

№34 (8848) 10

10 мамыр 2025 ж.

№33 (8847) 6

06 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙЕДІ

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙЕДІ


Президент жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында бизнес өкілдеріне мемлекеттік қолдау шараларын жүргізуді тапсырады. Күні кеше Елбасы шағын және орта бизнеске салық амнистиясын жүргізуді тапсырған болатын. Яғни, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қалыптасқан айыппұлдар мен салық борыштары бойынша өсімдер жойылады. Бұл кәсіпкерлер қауымы үшін үлкен қолдау. Өсім мен тұрақтылыққа бастайтын игі бастама. Сондай-ақ Мемлекет басшысы құнды құжатта бизнесті қолдау үшін жыл сайын 30 млрд. теңге бөлінетінін жеткізді. Бұл өз кезегінде жаңа кәсіп көздерін ашып, кәсіпкерлікке ынталы жастардың бизнес-жобаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Расында, шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша басымдық беруде. Нәтижесінде, ауыл-аймақта кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары күн санап артуда. Бұл өз кезегінде аудан экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосады.

Құлмағамбет ИСАХАНОВ,
аудандық мәслихат депутаты.
06 қазан 2018 ж. 1 321 0