ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР
Елбасы әрбір Жолдауында құқық қорғау саласына қатысты жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізу керектігіне баса мән береді. Әсіресе, электронды жүйеге көшу арқылы жұмыс сапасын арттыруды тапсырды. Мәселен, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру қажеттігі айтылды. Осындай жаңашыл бағытта ауданда қандай жұмыстар атқарылуда? Біз соны зерделеп көрген едік.
Алдымен, аудандық полиция бөлімінің тергеу ісінен бастасақ. Былтырдан бастап енген Құқықтық статистика комитетінің «е-ҚІ» (қылмыстық іс) модулі арқылы электронды қылмыстық іс жүргізу жүзеге аса бастапты. Мұнда қылмысты тіркеу, сотқа дейінгі тергеу және қылмыстық жазаны орындау кезеңдерін қамтиды. Нәтиже көңіл қуантарлық. М-1 статистикалық мәліметі көрсеткендей жаңа модуль бойынша барлығы 27 қылмыстық іс тіркеліп, оның бесеуі хаттамалық нысанда сотқа жолданса, біреуі қылмыстық-процестік кодекстің (ҚПК) 300-бабының тәртібімен аяқталған. 6 қылмыстық іс өндірістен тоқтатылса, қалған 15 істің күдіктілері бар.
– Электронды қылмыстық іс жүргізу үшін жаңа жүйе аясында 4 ұйымдастырушылық техника берілді. Сондықтан, тергеушілер мен анықтаушылар және сотқа дейінге тергеп-тексеру функциялары бекітілген қызметкерлерімен «е-ҚІ» модулінде қылмыстық істерді тергеу барысы тексеріледі. Әрі, осы іске жауапты өкілеттілігі берілген бөлініс қызметкерлерінің жұмыс орындарында қосымша оқыту үйрету сабақтары жүргізіліп, сынақ алынды, – деді аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің бастығы Ақтөре Төлегенов.
Жобаның тиімділігіне тоқталсақ. Біріншіден, қылмыстық істе бұрмалау болмайды, әрі істер жоғалмайды. Екіншіден, артық қағазбастылықтан құтылады. Үшіншіден, электронды форматқа толықтай көшсе, істер тез тергеледі. Оған қоса, соттан санкцияны электронды түрде алуға болады екен. Төртіншіден, жәбірленуші, айыпталушы, адвокат істің қалай қаралып жатқанын кез-келген уақытта онлайн режимде көре алады.
Енді айыппұл мәселесіне келсек. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап айыппұл толтыру электрондық нысанға көшірілді. Полиция қызметкерлері хаттаманы жазбаша емес, планшет арқылы онлайн түрде толтыруда. Бұл өз кезегінде тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдетіп, қағазбастылықты азайтпақ. Яғни, хаттаманы электронды түрде толтыру үшін жол ережесін бұзған жүргізушінің жеке сәйкестендіру нөмірін планшетке енгізсе жетілікті. Одан әрі жүргізушіге қатысты барлық ақпарат яғни, аты-жөні, тұратын жері, жүргізушінің куәлігі, неше мәрте ереже бұзғаны, айыппұлдары төленген бе, көлігі ұрланған емес пе, тағы басқа деректер сайрап тұрады. Ал, рәсімдеу мен айыппұл төлеуге ай емес, ең көбі 3-5 имнут кетеді. Оның көшірмесі құқық бұзушының электронды поштасына және телефонына смс-хабарлама ретінде жіберіледі.
Жаңа жүйенің басты артықшылығы – әкімшілікті істерді рәсімдеуде уақыт үнемделеді. Мәселен, бүгінгі таңда бір хаттаманы қағазға жазып тұруға 20-30 минут кетсе, енді планшет арқылы 3-5 минутта толтыруға болады. Яғни, планшет құрылғысына құқық бұзушының ЖСН нөмірін енгізсе болғаны, барлық мәліметті база арқылы шығып тұрады. Егер азаматтың жол ережесін бұрын бұзғаны не бұзбағаны туралы білгісі келсе, полиция рация арқылы диспетчермен хабарласатын. Енді қазір планшетте ол адам бұзған әкімшілік жауапкершіліктер сайрап тұрады. Болашақта барлық әкімшілік істер электронды форматқа көшіріледі екен.
Бұл бойынша кез келген тұрғын «Қамқор» электронды база арқылы өзіне қатысты мәліметті біле алады. Бұл жүйенің тағы бір тиімділігі – почта қызметі арқылы немесе кез келген қаржы көздерін төлейтін аппарат (24 касса және т.б) арқылы төленген айыппұл автоматты түрде өшіріледі.
Электронды жүйеге көшуге байланысты кейбір әкімшілік құқық бұзушылық (ӘҚБ) туралы Заңның баптарына толықтырулар енгізілді. Бірінші, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 601 бабы бойынша тоқтауға тыйым салынады талабын бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіштен 3 АЕК-ке қысқартылған. Екінші, 592 бап бойынша жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл 10 айлық есептік көрсеткіштен 5-ке азайған. Үшіншіден, 602 баптың 1-бөлігімен күндізгі мезгілде көліктің жақын жарығын жақпағаны үшін ұсталған жүргізушіге бұрығысынша айыааұл салынбайды, ауызша ескерту беріледі. Осыны ескеріп жүргеніңіз абзал.
Қысқаша айтқанда полиция бөліміндегі жаңашылдық жүйесі осындай. Биылдан бастап тағы жаңа өзгерістер болатынын білдік. Ең бастысы, жұмыс сапалы болғаны жақсы.
Сөз соңы. Елбасы Жолдауынан туындаған басым бағыттың бірі – сандық технологияны жетілдіру елімізде қарқынды жүргізілуде. Әсіресе, құқық қорғау органдарының қарқыны қуатты. Бұл өз кезегінде құқық қорғау жүйе¬сінің бәсекеге қабілеттілігін арттыратыны сөзсіз...
Әлібек ТЕМІРБЕК.