Сот жүйесіндегі жетістіктер
Қолжетімділік, ашықтық, жариялылық қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттің сот жүйесінің негізгі стандарттары.
Сот төрелігіне азаматтардың қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі енгізілген
«Сот кабинеті» арқылы сотқа құжаттарды яғни талап арызды, сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызды сот отырысының хаттамасына ескертуді, өтінішті электрондық құжат нысанында беруге болады.
«Сот кабинеті» арқылы сотқа жүгіну іс жүргізуді оңтайландыру және Қазақстандық сот ісін жүргізу жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруды, бюрократтық кедергілерді жоюды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды, азаматтардың алтын уақыты және мемлекет қаржысын үнемдеуді көздейді.
Электрондық құжаттарды сотқа тапсыру үшін жеке тұлғалар, олардың өкілдері, заңды тұлғалар мен олардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыра отырып тіркеледі. Тіркелгеннен кейін ол тұлға электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады. Сот кабинетіне тіркелу ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады.
Сотқа арыз (талап арыз), шағым беруші тұлға, құжаттың жолданғандығы, уақыты мен күні көрсетілген хабарламаны шығарып алуға, сонымен қатар сот процесіне қатысушылардың өздері істердің қарау мерізімдері мен танысуға мүмкіндігі де қарастырылған.
2018 жылы қолданысқа енгізілген қылмыстық істерді электронды нысанда келіп түсіп, қысқартылған тәртіпте қарау және Қылмыстық істі электронды нысанда жүргізу тергеу мерзімін қысқартып, материалдарды бұрмалау ықтималдығын азайтып, іс құжаттарына онлайн режимде қол жеткізу мүмкіндігін арттырып, дәлелдемелерді жинау және процестік құжаттарды дайындау рәсімін жеңілдетеді.
2017 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне қылмыстық сот ісін қағаз және электронды түрде жүргізуге мүмкіндік беретін «Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы» атты 42-1-бап енгізілді.
Сот жүйесіне енгізілген бұл өзгерістер сот билігінің іргетасын бекемдеуге, сот жүйесінің имиджін арттыруға, адамдарды әуре-сарсаңға салмауға және төрешілдіктен арылуға бағытталған.
И.У.Тунгышбаев,
Жаңақорған аудандық сотының судьясы.