№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордалық дихандар «Тегін кеңес беру» қызметінің нәтижесін көруде

Қызылордалық дихандар «Тегін кеңес беру» қызметінің нәтижесін көруде

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасы дихандардың мәселесін шешуге септігін тигізуде.
  Осы көктемде, егіс науқанының қарсаңында күріш өсірумен айналысатын шаруашылықтар үшін Кәсіпкерлер палатасы «Тыңайтқыштарды тиімді пайдалану және күріш өнімділігін арттыру» тақырыбында семинарлар өткізген болатын. Аталмыш шара тың бастаманың өмірге келуіне септігін тигізді. 
«Сол шараға күріш өсірудегі жаңалықтар бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласының ғалымдары, Күріш зерттеу институтының қызметкерлері, облысқа белгілі зейнеткер-агрономдар және басқа облыстардан келген минералды тыңайтқыштарды шығаратын компания өкілдері қатысып, саладағы мәселелер талқыланды. шаруалардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Семинар жұмысының қорытындысы ретінде күріш алқаптарынан жоғары өнім алу үшін «Тегін кеңес беру қызметін» бастау туралы шешімге келдік. Өйткені кіші шаруашылықтарда тәжірибелі агронамдары және техникаға қызмет көрсететін инженер секілді мамандар жоқ», - дейді Палатаның Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің бастығы Жасұлан Серіков.
«Тегін кеңес беру» қызметі пилоттық режимде облысқа қарасты Сырдария ауданында қолға алынды. Сырдариялық кәсіпкерлер маманның жалақысы мен отыратыр орнына қажетті және өзге де шығындарды көтеруді өздерінің жауапкершілігіне алады. Кеңес беруші маман ретінде Сырдария ауданындағы зейнетке шыққан тәжірибелі агроном Кенжебек Әнапияұлы таңдалды. Күріш науқанында аудандағы дихандар аптасына екі күн агроном отыратын кеңсеге барып, сондай-ақ маманды егіс алқабына шақыртып қажетті пайдалы нұсқама-кеңес алу мүмкіндіктеріне ие болды.
Пилоттық жоба көп күттірмей-ақ өз нәтижесін берді. Күзгі жиын-терінде Сырдария ауданының шағын шаруашылықтары өнімді әдеттегіден 10-15 центнерге артық жинады. Биыл облыс бойынша күріштің орташа өнімділігі гектарына 50-55 центнер болса, жобаға белсенді қатысқан шаруашылықтар күрішті 67 ц/га дейін жинады.
Бастаманың сәтті нәтижесінен кейін агроном-маман Кенжебек Әнапияұлына «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының алғыс хаты берілсе, аудан кәсіпкерлері бірлесе машина мінгізді.
Бүгінде Кәсіпкерлер палатасы «Тегін кеңес беру» қызметін облыстың өзге аудандарында да енгізуді жоспарлауда.
Айта кетейік, мұндай «кеңес беру қызметтері» Еуропа елдерінде жақсы жолға қойылған. Шаруашылықтар көп орналасқан өңірлерде осындай қызмет түрі ашылып, зейнет жасындағы тәжірибесі мол ауылшаруашылық мамандарды жұмысқа алып, жас шаруашылықтарға сүйемелдеу жасайды.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
01 қараша 2018 ж. 905 0