СЫР ӨҢІРІ: СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 23 ЕСЕГЕ ӨСТІ
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі капиталына шамамен 11 млрд.теңгенің инвестициясы құйылды.
Осы уақытқа дейінгі ресми мәліметтерге сүйенсек, АӨК негізгі капиталына 11 млрд.теңгенің инвестициясы салынды. Яғни, соңғы 5 жылда агроөнеркәсіптік кешенінің инвестиция көлемі 23 есеге артты. Соңғы бірнеше жыл қатарынан ауыл шаруашылығы саласында қарқынды өсім бар.
Сондай-ақ, аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бағдарламасы нәтижелі жүзеге асып жатыр. Соңғы 3 жылда жем-шөп дақылдары 6 мыңнам астам гектарға ұлғайды. Ал, күрішшілер 500 мың тоннадан астам күріш жинап, рекорд жаңалады.
"Байқоңыр" ауыл шаруашылығы холдингі аймақтағы күріш кластерін дамытуға үлесін қосты. Айта кету керек, Ы.Жахаев атындағы ғылыми-зерттеу институты мен Ресей институты бірлесіп, Қызылорда облысы үшін арнайы күріш сорттарын шығаруда.
"Бүгінде мал басының барлық түрлерінде 1993 жылмен салыстырғанда 43% өсім бар. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау 37%, оның ішінде күріш экспорты - 39%, бақша – 3,5 есеге, көкөніс – 2 есеге артқан.
Пікір 35