№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » БӘТУАҒА ТОҚТАУ - БІРЛІККЕ БАСТАЙДЫ

БӘТУАҒА ТОҚТАУ - БІРЛІККЕ БАСТАЙДЫ


Зиялы қауым өкілдері жаназа, құдайы ас беру кезіндегі ысырапшылдыққа қарсы бірауыздан бір шешімге келді.
Аудандық ардагерлер кеңесі, "Жаңақорған аудандық" мешіті және аудандық ішкі саясат бөлімі бірлесіп, "Жаназа және жерлеу рәсімдері" атты аудандық семинар кеңес өткізді. Семинар аясында жаназа шығару мен құдайы ас беру кезіндегі шариғатқа сай келмейтін аста-төк асқа шектеу қою мәселесі талқыланды. Шара барысында әр елді мекендерден келген ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, ауыл имамдары мен молдалары, беделді ел ағалары өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен, семинарды қорытындылай келе, қатысушылар бірауыздан шешім қабылдады: 
1. Қазалы үйде 3 күнге дейін қазан көтермеу;
2. Қазалы дастархан мен тойдың дастарханын ажырата білу; 
3. Жаназа кезіндегі шариғат талап етпеген "жыртыс", "телімдер" таратуды тоқтату; 
4. Ата-бабамыз ұстанып келе жатқан пейшембілік дастарханын орнату. Қазіргідей кей пейшембіліктегі аста-төк ысырапшылдықты болдырмау; 
5. "Жетісі", "Қырық күндік", "Жылдық асы" секілді маңызды рәсімдермен шектелу, "52 күндік", "100" күндік" деген рәсімдерді қазалы үйге міндетемеу; 
6. Құдайы астардың мәзірін бекіту. Яғни ет/күріш, нан, бауырсақ, шелпек, тоқаш, қант, құрма, шәй, ірімшік сынды дүниелермен де құдайы астарды атқару.
20 ақпан 2018 ж. 1 878 0