Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі

«Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі


Қазіргі таңда егін егіп, дәнді дақылдарды өсіру жеткіліксіз. Сондықтан агросалаға «ақылды технологияларды» енгізіп, оның тілін таба білуіміз керек. Мұнымен қоса шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өнім шығару да уақыт талабы. Осыны ескерген Ыбырай Жақаев атындағы «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары сала өкілдеріне арнап семинар ұйымдастырды.
Демонстрациялық семинардың тақырыбы «Жаңа технологиялар мен сорттарды өндіріске енгізу». Аты айтып тұрғандай егіс даласындағы атыздарда көшпелі түрде өткен жиынның мақсаты ерек, мәні бөлек. Қатысушылар алдымен Сыр өңірінде алғаш рет қолданысқа енген агродронның жұмысымен танысты. Институттың кіші ғылыми қызметкері Айдос Жалбыров агродронның тілін меңгеру үшін арнайы оқу курсынан өткен. Жас маман қазір егіс басында ұшу қондырғысын емін-еркін басқарып жүр. Автоматтандырылған жаңа технологияның артықшылығы көп.
Айдос Жалбыров – кіші ғылыми қызметкер
Әсет Тоқтамысов – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы
 Ғылыми зерттеу институтының тәжірибе алаңында бүгінде күріштің 17 түрі сыналуда. Ресей, Өзбекстан, Украина және ирандық сорттармен қатар жергілікті ғалымдар өздері ашқан жаңа сорттар да сынақтан өтіп жатыр. Басты мақсат - өнімдігілі жоғары, сапалы тұқым сортын дайындау.
Серікбай Өмірзақов – Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС бас директоры
 Институт мамандары тек күріш сорттарын ғана емес, бақша өнімдеріне де мән беріп келеді. Мәселен олар үш жылдан бері қауынның алпысқа жуық сортын тамшылатып суару әдісімен тәжірибеден өткізуде.
Қанағат Бегалиев - Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС бөлім меңгерушісі
Елбасы алдағы бес жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырғаны белгілі. Осы ретте аймақта ауыл шаруашылығы саласына ақылды технологияларды енгізу бағытындағы қарқынды тірлік бұл істердің лайықты бастамасы болары анық.
15 шілде 2018 ж. 1 516 0