№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІРІККЕН ІСТЕ БЕРЕКЕ БАР

БІРІККЕН ІСТЕ БЕРЕКЕ БАР


Асыл дініміз Исламда қажетсіз дүниелерге ысырапшылдықты құптамайды. Керісінше, бай-бағланның қолында барын беріп, қиналған қауымның қайғысын бөлісуге үндейді. Десе де, көрпеге қарап көсілуді ұят санайтын қазіргі қоғамда қанағатшылдықтан гөрі, бәсекелестік басым. Мұны ел болып, бірізділікке келтіруге болады. Әсіресе бейіт басындағы бей-берекетсіздік өңір үшін өзекті мәселеге айналды. Өткен жылы Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасы Ғұламалар Кеңесінің ХІV мәжілісінде мұсылман зиратының қағидалары мен талаптары бекітілген болатын. Қабылданған құжат мәтінінде қабірді қоршау, қабір үстіне құрылыс нысандарын салу, қабір басына белгі тас қою, тағы басқа мәселелер қамтылған. «Мұсылман зиратының қағидалары мен талаптары» деп аталатын құжат мәтінінде: «Қабір тапталып, аяқасты болмауы үшін қоғамдық зиратты тұтас қоршаған абзал. Тұтас қоршалған зираттың ішіндегі қабірді жеке-жеке қоршау қажет емес. Егер қабірстан толықтай қолшалмаса, аяққа тапталмас үшін қабірді шариғат шеңберінде төртқұлақ етіп қоршауға рұқсат беріледі» делінген.

Сондықтанда ғасырлар бойы қалыптасып, атадан балаға мұра болып келе жатқан мазар мәдениеті мен қабірстанның қастерлі қағидаларын елемей, бейіт басына сән салтанаты жарасқан құрылыс салуды абыройға балап, ысырапшылдыққа жол беруді дініміз құптамайды. Бұл дауасыз дерт емес. Қоғам болып, тегеурінді тосқауыл қойсақ, орнына келеді. Осындай олқылықтардың орнын құрамында имамдар мен зиялы қауым өкілдері бар үгіт-насихат тобы құрылып, ауыл-аймаққа түсіндірме жұмысын жүргізу ләзім.
                      Жалғас ӨТЕБЕКОВ, Қаратөбе ауылының имамы.
31 шілде 2018 ж. 1 325 0