№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаппай декларациялаудың бірыңғай қағидалары бекітілді

Жаппай декларациялаудың бірыңғай қағидалары бекітілді


Қазақстанның Қаржы министрлігі жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасаудың бірыңғай қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Stan.kzҚаржы министрі № 617 бұйрыққа 2018 жылдың 21маусымында қол қойған. Құжат 2020 жылдың қаңтар айынан бастап өз күшіне енеді.
«Осы Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) жасау қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларациясының жасалу тәртібін айқындайды», – делінеді құжатта.
Бекітілген бірыңғай қағидаларға сәйкес, бланкті толтыру барысында иелігіндегі активтер, сонымен қатар 500 ЕТЖ-дан артық сомасы, жылжымайтын мүлкі, құнды қағаздары туралы мәлімет беруі керек.
Кәмелетке толмаған тұлғалардың декларациясын заңды өкілдері толтырады.

24 шілде 2018 ж. 918 0