№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » БЕЙІТ БАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК

БЕЙІТ БАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК


Аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің соңғы санында жарияланған «Зират мәдениетіне бәсекелестік жат» атты Әбдісамат Әбдіштің мақаласы қоғам үшін өзекті мәселенің бірі. Әрине, өліге құрмету көрсету, арулап ақтық сапарға аттандыру – шариғат талабы. Енді діни рәсімдердің барлығы да өз орны мен тәртібімен орындалса игі. Қабірдегі екі шаршы метрде жатқан мәйітке үстінен салынған зәулім сарай қиыншылық туғызады. Марқұм үшін оның ешқандайда пайдасы жоқ. Шариғатта «өлген адамға құрмет қыл, ол үшін мал мен жан-жануар кірмейтіндей етіп қоршап қой» деген. Ол дегеніңіз сай тұрғызу емес, адамның беліне жетпейтіндей жеңіл қоршау тұрғызу. Бүгінгідей тай-таласып мазар салатындардың ісін Пайғамбарымыз(с.а.с) ысырапшылдыққа теңеді. Хадисте: «Өлген адамның артынан үш-ақ нәрсе барады. Ол елге жасаған жақсылығы яғни, көпір, мектеп, аурухана салған болса, екінші – халқына ілім мен білімді тегін үйретсе, құнды кітап жазса, үшінші – артында жақсы тәрбиелі ұрпақ қалдырып, солар артынан дұға жасаса» деген. Одан да сол бейітке кеткен қаржыға жетім-жесір мен кедей-кепшіктің қажеттілігін өтесе, науқас жанның еміне төлесе, міне осыдан артық сауапты амал жоқ. Сондықтанда газет бетінде жарияланған байыпты бастама жалғасын тауып, бәсекелестік үрдісіне қоғам болып қарсы тұратын ұрпақ қалыптасса игі. Ол үшін имам-молдаларға қолдау керек. Әрбір ауылда ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңестің төрағалары және әкім бірігіп, жұмыс жасаса, барлығы  да жөнге келеді.

                   Ержан СЕЙТЖАППАРОВ, «Қум сахаба» мешітінің бас имамы.
31 шілде 2018 ж. 1 267 0