№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БЕТБҰРЫСТАР ДАМУҒА БАСТАДЫ: үшінші бетбұрыс

БЕТБҰРЫСТАР ДАМУҒА БАСТАДЫ: үшінші бетбұрыс


Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттырып, табысы аз адамдар мен жұмыссыздарды нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді бағдарлама әзірлеуді жүктеді.
Бүгінде Үкіметтің негізгі әлеуметтік басымдығының бірі – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу. Расында, жұмыспен қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту мен өмір сүру сапасын жақсартудың бас­ты құралы.
Сондықтан әкімдердің жұмысы халықты жұмыспен қамту деңгейімен өлшенетіні бар. Алдымен аудан әкімі Ғалым Әміреев жұмыссыздардың санын қысқартуда статистикалық есептілікті жүргізуді басшылыққа алды. Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық статистика басқарамасы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандарынан құрылған мобильді топ көлеңкелі экономиканың елдің дамуына кері әсерін түсіндірді. Нәтижесінде бірқатар азамат кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмысын заңды тұрғыда жалғастырды. Бұл жұмыссыз азаматтардың қысқаруына өз септігін тигізді.
Статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, 2017 жылға экономикалық белсенді халық саны – 34428, жұмыспен қамтылғандар – 32601 көрсетті. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер саны – 13622, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 19069, жұмыссыздар – 1737. Осыдан жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды, жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрады. Есептік кезеңдегі жұмыспен қамту орталығында 2958 азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп, ресми жұмыссыздық денгейі 0,8 пайызды құрады. Өткен жылы 3315 адамды жұмыспен қамту жоспарланған еді. Жүйелі ұйымдастырылған жұмыстар 3721 азаматты екі қолға бір күрек табуға мүмкіндік беріп, жоспар 112 пайызға орындалды.
Мұндай көрсеткіш құрылыс саласында да байқалды. Мәселен, 2017 жылы алты мектептің құрылысы жүргізілді. Аудан тарихында бір жылда мұндай көлемде құрылыс жүргізілмеген еді. Оның екеуі пайдалануға берілсе, төртеуі биыл есігін ашады. Жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында Аққұм, Еңбек елді мекенінде дәрігерлік бекет пайдалануға берілді. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Аққорған ауылдық округінде денешынықтыру-сауықтыру кешені мен 140 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Аталған әлеуметтік нысандар биыл есігін ашады. Сонымен бірге, былтыр аудандық бюджет есебінен Сұлтанбек Қожанов атындағы №55 мектептің жылу қазандығы ғимаратының және сыртқы жылу жүйесінің құрылысы жүргізілді. Қандөз ауылындағы әкімдігінің жаңа ғимараты есігін ашты.
Облыстағы аудандар арасында бірінші болып 15 тұрғын үйдің құрылысы басталып, бір тұрғын үйі пайдалануға беруге дайын. Сол аумақта салынатын көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын (тас жолы, электр желісі, жылу жүйесі, ауыз су жүйесі, кәріз жүйесі, газ құбыры желісі, ауыс суға қосу және т.б.) дамыту жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары дайындалды.
Жалпы, Жаңақорған ауданы – облыстың өзге аудандарымен салыстырғанда жол мәселесі шешілген бірден-бір аудан. Бірнеше жылдан бері мәселе болып келген «Самара-Шымкент-Аққұм» жолы шешімін тапты. Аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Шалқия» автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық қазынадан қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Кенттегі 5-мектептің, яғни, №51, №56, №125, №163 және №169 орта мектебінің жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтау жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қаржысы толық игерілді.
27 қаңтар 2018 ж. 1 314 0