"Өрлеу" жобасы ЖАҢАҚОРҒАНДА
Жобаның мақсаты – аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамтудың әр түрлі формаларына қатыстыру, одан әрі жұмысқа орналастырумен немесе «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында жеке ісін ұйымдастырумен оқыту және қайта оқыту арқылы белсендендіру. Аз қамтылған отбасылардың қатарынан шығару үшін отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасқан отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмысқа және еңбекақыға ие болады, ал мемлекет отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшартының күші бар уақыт бойы әлеуметтік көмек төлеп отырады.
2017 жылы Жаңақорған ауданы бойынша "Өрлеу" жобасы бойынша 98 отбасы мүшелеріне барлығы 667 адамға шартты ақшалай көмек берілді. Оның ішінде жұмысқа жарамды 119 адам жұмыспен қамтылды.Тағайындалғаны РБ-16018,9мың теңге, ЖБ-4710,8 мың теңге. Барлығы 20729,7.
Ұнамды мысал: Жаңақорған кенті, Ордакент № 9 үй тұрғыны Калиев Нуржан Саруарович«Әділхан» шаруақожалығына жұмысшы ретінде жұмысқа тартылып, әлеуметтік келісім шарт жасалып, 175176,0 мың теңге тағайындалды. Шарт бойынша аталған азамат «Нұр асыл» базарынан дүнгіршекті жалға алып, жұбайымен бірлесіп, әнбебап сауда – саттығымен айналысуда.
Жаңақорған кенті, Байдүйсен№ 73 үй тұрғыны Турсинбаев Азиз Дуйсенбаевич жеке кәсіпкер «Дуйсенбаев М» жұмысшы ретінде жұмысқа жолданып, әлеуметтік келісім шарт жасалып, 255996,0 мың теңге тағайындалды. Шарт бойынша аталған азамат тұрғын үйінен наубайхана ашып, жұмыс жасауда.