№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАСАМПАЗ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЖАСАМПАЗ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ



«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Сырдария ауданында халыққа есеп беру жиындары басталды» деп хабарлайды Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы. Алғашқы күні есеп беру жиындарына облыстан бекітілген өкіл ретінде облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ә.Әбдіқаймова, облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Ең алғашқы жиын Айдарлы ауылдық округінде өтіп, Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Есепте кезеңде жүзеге асырылған жұмыстар туралы кеңінен айтып өткен аудан басшысы реформалардың іске асырылу барысына кеңінен тоқталды. Сонымен бірге, 2017 жыл аудандық бюджет 7 млрд.496 млн. Теңге болып қалыптасқанын айтып, былтырғы жыл аудан үшін табысты болғанын атап өтті. Есеп беру жиыны барысында Айдарлы ауылдық округінің әкімі Ғ.Дүйсебеков, Айдарлы ауылдық учаскелік полиция инспекторы М.Байназаров есепті мерзімде атқарған жұмыстарының есебін берді. Негізгі баяндамалар тыңдалғаннан кейін облыс бойынша үстіміздегі жылы кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық берілуіне байланысты аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева мен Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Әбдіхалықов қосымша хабарлама жасады. Есеп беру жиынында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Исмайлов сөз сөйлеп, атқарушы билік өкілдерінің есебіне жоғары баға берді.
Жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебін беру мақсатында өткізілген жиын ауданға қарасты Жеткөл ауылдық округінде де өтті. Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, есепте кезеңде жүзеге асқан жұмыстардың есебін берді. Аудан басшысы қалыптасқан экономикалық жағдайға қарамастан ауданға 44.2 млрд.теңге инвестиция тартылғанын айтып, аудан былтырғы жылды жемісті қорытындылағанын атап өтті. Есеп беру жиынында Жетікөл ауылының әкімі Ж.Қожахметов, Жетікөл ауылдық учаскелік полиция инспекторы Н.Серкешбаев атқарған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Сонымен бірге, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева мен Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Әбдіхалықов қосымша хабарлама жасап, өз салаларындағы өзгерістер жөнінде мәлімет берді. Ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Камалов сөз сөйлеп, аудан әкімінің жыл бойы атқарған жүйелі жұмысына жоғары баға берді, жұмысына сәттілік тіледі.
Аманкелді ауылында өткен есеп беру жиынында аудан әкімі Ғ.Қазантаев атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін атап өтті. Жоспарлардың артығымен орындалғанын, үстіміздегі жылы да жүйелі жұмыстар жүзеге асатынын жеткізді. Сондай-ақ, аудан бойынша халық саны 2 мыңнан асатын 1 кент пен 7 ауылдың дербес бюджеті болатынын айтты. Өз кезегінде Аманкелді ауылының әкімі Қ.Құлымбетов, ауылдық учаскелік полиция инспекторы Б.Жармаханов 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебін берді. Аманкелді ауылдық округі әкімі Қ.Құлымбетов есепті баяндамасында кәсіпкерлікке баса мән берді. Биыл ауылдан құны 30 млн.теңге болатын 8 жоба ұсынылып, 12 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Қызылорда облысы бойынша үстіміздегі жылы кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық берілуіне байланысты есеп беру жиынында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева мен Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Әбдіхалықов қосымша хабарлама жасады. №42 мектеп-лицей директоры, аудандық мәслихат депутаты И.Әбдіхалықов сөз сөйлеп, аудан әкімінің жыл бойы атқарған жүйелі жұмысына жоғары баға берді.
15 қаңтар 2018 ж. 1 422 0