№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САЛЫҚ КОДЕКСІНІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП

САЛЫҚ КОДЕКСІНІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП


2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер» туралы Қазақстан Республикасының кодексі қолданысқа енді. Енді осы өзгерген Салық кодексінің артықшылықтары неде? Тиімділігі мен өзгешелігі қандай? Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиында осыны талқылады.
Аудан әкімінің орынбасары Серқожа Ыдырысов модераторлық еткен семинарда алдымен Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жеңіс Талас жаңа жүйедегі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.
– Жаңадан енгізіліп жатқан заңдағы салықты әкімшілендіру ісі негізінен мемлекет пен салық төлеуші арасындағы қатынастарды барынша ыңғайлы етуді көздейді. Жаңа Салық кодексі бойынша мемлекеттік кіріс органдары тарапынан салық төлеушілерді бақылау жұмыстары азайтылды. Ондағы басты мақсат – адал салық төлеушілердің мүдделерін қорғау. Яғни төлемге қатысты барлық түсініксіз, даулы жағдайлардың барлығын ендігі уақытта салық төлеушінің пайдасына шешетін тетіктер көбейтілді. Нақтырақ айтқанда, әкімшілік кедергілерді азайтып, кәсіпкерлік саланы жандандыруға бағытталып отырған жүйенің бірі, – деді басқарма басшысы.
Одан кейін, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Мұрат Жәденов сөз алды. Ол алдымен шағын және орта бизнес субъектілеріне салынатын салықтар бойынша өзгерістерді саралады. Оның ішінде арнаулы салық режимдер: патент, жеңілдетілген декларация негізінде, агроөнеркәсіп субъектілері үшін салынатын салық нормативін нақтылады. Мәселен, шағын және орта бизнесті қолдау үшін қолданыстағы арнайы салық режімдерін сақтаумен қатар, жаңа тиянақталған шегерім режимі енгізіліпті. Кірістің шекті мөлшері бойынша жылына 300 млн. теңгеге және жалдамалы жұмысшылар санын 50 адамға дейін қолдану критерийлері кеңейтілген. Жеке кәсіпкерлер үшін 10 пайыз, заңды тұлғалар үшін 20 пайыз мөлшерлемемен шығыстар сомасына азайтылған кіріс түріндегі салық енгізілген екен.
Келесі кезекте департаменттің бөлім басшысы Ғалия Халықова кірістер мен шығыстарды есепке алу, тәртібі, мерзімі мен жұмыс нәтижесімен көрінетін камералдық бақылау, мүліктік табыс, тіркелген салық туралы заңдылықтар жайын сөз етті.
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында салықтық және салықтан тыс түсімдердің 7 түрі, сондай-ақ, шығындардың 19 бағыты ауыл бюджетіне берілетінін ескертті. Яғни, салықтарды әкімшілендіру ісі ілгерілендірілмек. Осыған байланысты жанама салықтарды әкімшілендіру: қосымша құн салығы мен акциздер бойынша өзгерістер, жер қойнауын пайдаланушыларды салықтандыру және салықтық мониторниг пен тексеру туралы бөлім басшысы Гүлнар Болатқызы мәлімдеме жасады. Аталған заңнамалардың арасынан аса маңыздыларына қысқаша тоқтала кетсек.
Шағын бизнестің ауыртпалығын көтермеу мақсатында қосылған құн салығының (ҚҚС) қолданыстағы көрсеткіші, яғни 30 айлық есептік көрсеткіш сомасы бұрынғысынша қалатынын айтты. Келесі кезекте шот-фактураны пайдаланудағы өзгеріс. 2019 жылдан бастап ҚҚС төлеушілер шот-фактураны электронды нысанда жазып беруі міндетті. Тағы бір айта кетерлігі, электронды сатулардан түскен табыстар корпоративтік табыс салығынан және жеке кіріс салығынан босатылған.
Жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша кейбір заңнамалаық өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Сондай-ақ, салық төлеу тәртібін арттыру мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесіне өзгеріс енгізіліпті. Яғни салық төлеушілердің әртүрлі санаттарына салықтық әкімшілендіруінің түрлі тәсілдері қолданылады. «Жасыл топ» аталатын бірінші санатқа тәуекел дәрежесі төмен салық төлеушілер жататын болады. Оларға тексерулер жүргізілмейді, есеп тапсыру, берешекті төлеу мерзімдерін өзгерту түріндегі босаңсыту, көлбеу мониторинг жүргізуге қатысу мүмкіндігі және тағы басқалар қаралатын болады. Тәуекел дәрежесі орташа топқа әкімшілендірудің орташа тетіктері қолданылады, хабарлама жіберіледі, орындалмаған жағдайда салық бақылауы шаралары жүзеге асырылады.
Ал, «қызыл аймаққа» тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілер жатады. Оларға ерекше назар аударылады және салық міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамаған жағдайда кіріс органдары жедел әрекет ететін болады. Одан кейін салық төлеушілердің жекелеген санаттарының қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату енгізілген. Әрі, салықтық тексерулер санын қысқарту мен талап қою мерзімдерін қысқарту нақтыланған.
Семинар соңы сұрақ-жауапқа ұласты. Өз кезегінде Жеңіс Жүсіпұлы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша өзгерістерді түсіндірумен қорытты.
Түйіндей айтқанда, жаңа Салық кодексі Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін, яғни салық және бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайларға бейімдеу мақсатында әзірленгенін түсінгеніміз абзал.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
13 қаңтар 2018 ж. 2 467 1

Гость Jeahulalf от 17 ақпан 2019 13:54
Cialis Achat En Pharmacie online pharmacy Valtrex Without Prescription