Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Табыстың жарқын тетігі – жариялылықта

Табыстың жарқын тетігі – жариялылықта


Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап Салық кодексінің 167 бабының 1 тармағына сәйкес тек деректерді беру функциясы бар бақылау кассалық машинасын салық органына тіркеу есебін қоюға міндетті. Осы талаптарды сауда-саттықпен айналысушы нүктелердің иелеріне түсіндіру мақсатында жауапты сала мамандарымен бірге біз де рейдке шықтық. Негізгі бағыт орталықтағы «Нұр», «Аркен» және «Нұрасыл» базары.
Рейд құрамында Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берік Ниеталиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қызметкері Санжар Нұржанов және мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшылары мен кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің әдіскері Қуаныш Жаңабеков бар.
– 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер ашық сауда базарларының аумағында стационарлық емес нысандарда жұмыс жасайтындары бақылау кассалық машинасын (БКМ) қолдануға міндетті болады. Ал, 2020 жылдан бастап патент шеңберінде жұмыс істейтін салық төлеушілерге БКМ қолдану міндеттілігі туындайды. ҚР заңнамасы талаптары бойынша БКМ қолданудан жалтарған адамдар міндетті түрде жауапқа тартылады, – деп мәселенің мән-жайын түсіндірген сала мамандарының талабы заң шеңберінде артық талдауды қажет етпейтіндей.
Нақтырақ айтқанда, ҚР ӘҚБтКодексінің 284 бабының 1, 2 бөліктеріне сәйкес БКМ қолданбау ҚР аумағында ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратындар, сауда операцияларын жүргізетіндер, жұмыстарын орындау, ақшалай қызмет көрсетулер, ақаулы немесе төлемге қабілетсіз БКМ қолданған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары тарапынан ескерту жасалады.
Сондай-ақ, іс-әрекет немесе әрекетсіздік осы баптың бірінші бөлігінде көзделгендей әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалса, жеке нотариустар мен жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК бойынша, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК, ал, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК көлемінде айыппұл салынатын болады.
Айта кететіні, 2018 жылдың 1-қаңтарына дейінгі салық органдарына тіркеу функциясы жоқ БКМ тіркелгедерді 2024 жылға дейін қолдауға болады. Сонымен қоса, барлық кассалық аппараттар онлайн режиміне ауысады. Ол телекомуникация желілері арқылы жүзеге асатын болады.
Үш сауда орнын аралап, түсіндіру барысында саудагерлер арасынан түсінбеушіліктер туындап, кассалық аппаратты сатып алудан бас тартқандары да кездесті. Десе де, әр тұрғын өз әрекеті үшін заң алдында жауап берері анық. Өйткені, заң баршаға ортақ.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
16 маусым 2018 ж. 1 382 2

Гость Jeahulalf от 14 ақпан 2019 01:22
Levitra Precio En Farmacia cialis 20mg for sale Viagra Espanol Vrdrug

Гость Jeahulalf от 5 наурыз 2019 15:24
Medshop24net tadalafil cialis from india Cephalexin Dosing Instructions