№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотымен кәсіпкерге айыппұл салынды

Жаңақорған аудандық сотымен кәсіпкерге айыппұл салынды

         
Жаңақорған аудандық сотында 16 мамыр 2018 жылы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 283-бабының 2 бөлігімен дара кәсіркер А. қатысты әкімшілік іс қаралды.

          Іс құжаттарына сәйкес26 сәуір 2018 жылы сағат 17:00 шамасында Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен дара кәсіпкер А. дүкенінде тақырыптық  салық тексеруі жүргізіліп, нәтижесінде аталған дүкенде Қазақстан Республикасының акциздік маркалау таңбалары жоқ 3 дана жуан ақ қораптардағы «МхМ», 3 дана «Фаст», 2 дана «Прима», 13 дана жіңішке қара қораптағы «МхМ», 20 дана «Астра», барлығы 41 дана қорап  темекі сатылып жатқаны анықталған.
          Сотта құқық бұзушы А. өз кінәсін толық мойындап, өзі дара кәсіпкер екенін, аталған темекілерде Қазақстан Республикасының акциздік маркалау таңбалары жоқ екенін, оларды өзінің  дүкенінде сатқанын және өзінде барлығы 41 дана қорап темекі алынғанын көрсетті.
          Сот қаулысымен дара кәсіпкер А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 283-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, құқық бұзушылықтың тікелей нысаналары болып табылатын акцизделетін тауарлары тәркiленіп, оған салынатын 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 360 750  теңге айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылып, 252 525  теңге айыппұл салынды.
         
          Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының М.Дәріқұлов
25 мамыр 2018 ж. 1 555 0