№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САЛЫҚ КОДЕКСІНЕ ЕНГЕН ЖАҢА ЗАҢДАР

САЛЫҚ КОДЕКСІНЕ ЕНГЕН ЖАҢА ЗАҢДАР

     
  Аудан әкімдігінің мәжіліс залында
2018 жылдан бастап салық кодексіне енген өзгерістерді түсіндіру үшін Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшылары семинар өткізді. Семинарда жаңа кодекстің ерекшеліктері, шағын және орта бизнес субъектілерге салынатын салықтар бойынша өзгерістер, жер қойнауын пайдаланушыларды салықтандыру, жанама салықтарды әкімшелендіру, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтар бойынша өзгерістер туралы түсіндірмелер берілді.
      Аудан әкімінің орынбасары Серқожа Ыдырысов модераторлық жасаған жиынға департаменттің бөлім басшылары Ғалия Халықова, Гүлнар Исаева, Мұрат Жаденов және Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жеңіс Талас қатысты. Тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. Негізгі мақсат заңға еніп жатқан өзгертулерді түсіндіре отырып, салыққа салғырт қарамауға шақыру.
11 қаңтар 2018 ж. 1 853 0