№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЛМЫС АШУДЫҢ ҚҰПИЯСЫ КӨП

ҚЫЛМЫС АШУДЫҢ ҚҰПИЯСЫ КӨП


Құқық қорғау саласы ардагерлерінің көзі тірісінде құпияға толы қылымыс ашу істерін қағаз беттеріне түсіріп алғанбыз. Реті келгенде шығарамыз деп. Бүгін соның бастамасын бастауға ниеттіміз. Алдымен Жасұзақ Аманбаев қылмыс ашудың түрлі тәсілін түсіндіріп, тәжірибесін бөліскен болатын. Суға кеткен келіншектің киімінен қылмыстың қалай толық ашқанын баяндады, міне шеберлік. Ол ұзақ әңгіме. Одан кейін Әбдіраман Абусейт атамыз да осындай бір күндік қызмет бабымен таныстырды. Ары қарай тізгінді кейіпкеріміздің өзі былай жалғаған еді...


– 1957 жылы әскери міндетімді өту үшін Белоруссияға аттандым. 3 жыл бойы орманды батпақты жерлерді кезіп, партизан соқпақтарымен оқу-әскери жаттығуда шыңдалдым. 1961 жылы міндетті өтеп, елге оралдым. Сол жылдың маусым айында аудандық ішкі істер бөліміне қызметке орналастым. 1962 жылы Жаңақорған ауданы Шиелі ауданымен біріктіріліп ішкі істер бөлімі Шиеліге көшірілді.
1966 жылдан бастап Жаңақорған ауданы қайта ашылып, ішкі істер бөлімі қайта жасақталды. Бастығы соғыс ардагері подполковник Махатаев еді. Мен Төменарық учаскесіне инспектор болып тағайындалдым. Бірде Махатаев маған «сыған деген халық бар, адал еңбекпен айналысуға құлықсыз, заңға сәйкес оларды да қылмысты жауапқа тарта бастағанда бір бала және бір шал шекарадан жасырын өтіп кетті. Біріккен Ұлттар Ұйымына барып Совет үкіметінің үстінен шағым түсіргені жайлы айтқан. Совет үкіметі сығандар жөнінде заңды өзгертуге мәжбүр болып, оларды қудалауды тоқтатты» деді.
Сығандар 20-30 жанұядан тұратын топ-топқа бөлініп, «табор» атанып өмір сүреді, өздерінің ішкі заңдары көп болып сайлаған басшысы болады. Қыздарын 13-14 жастан тұрмысқа бере береді. Олар ат жеккен арбамен топ болып көшіп жүреді, ер-азаматтары жұмыс істемей шатырда жатады, әйелдері, бала-шағасы ел аралап дуанашылық жасап, ілінгеннің бәрін қағып кетеді.
1967 жылы көктемде «Комунизм» елдімекеніне жолым түсіп, 20-дай ат арбамен сығандар таборы келгенін көрдім. Арбада ер-азаматтар отыр, әйел балалары бір легі ауылға ағылып бара жатса, екінші легі ауылдан келе жатыр. Бос келе жатқаны жоқ, бірі тауық ұстап, екіншісі қаппен күріш, қалтаға салған ет, киім-кешектер тағы басқа заттары бар. Қарап тұрсаң ерсілі-қарсылы ағылған құмырсқаға ұқсайды. Жалпы саны 50-60 адамдай. Бұл халықтың салт-дәстүрі ешбір халыққа ұқсамайды.
1974 жылы Омск қаласындағы жоғарғы милиция мектебінде қылмыстық әрекеттермен күрестің әртүрлі тәсілдері жайлы арнайы дайындықтан өттім. Бізге осы мамандықтың білгір мамандары Ленинград, Москва, Одесса, Хабаровскіден келіп дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісетін. Сол оқу орнында оқытушы, полковник Степанов дүние жүзіндегі 400 мыңдай сығандарды зерттеп, арнайы кітап жазған екен, – деді.
Оның айтуына қарағанда, сығандар ерекше халық, олардың қылмыстарын ашуда көптеген кедергілерге кездеседі екен. Қылмыстыны барлық табор болып өлген-тірілгеніне қарамай қорғап, жанжал төбелес тудырады. Оған негізінен әйелдер жас балаларын сирағынан ұстап, қарсыласын баласымен ұрып, шамасы жетсе киімін тартып, тісімен тістеп жарақат салуға тырысады. Дауды сығандардың жиналуына мүмкіндік бермей, кінәлілерді ұрлап кетіп, жасырып, табор басшысымен келіссөз жүргізу арқылы шешкен.
– 1987 жылы Бесарық учаскесіне инспектор едім. Бесарық заготзерносына арғы беттегі совхоздардан күніне мың тонналап күріш жеткізіліп жатқан кез. Қыркүйек айы, қауын қабылдау пунктінде күніне ондаған вагон қауын тиелетін уақыт. Заготзернода жүріп түнгі сағат 10-да Шымкент жақтан бір топ сыған келе жатыр деген хабар алдым. Уақыт оздырмай дереу қауын базасына барып, жергілікті тұрғындарға сығандардан сақ болуын ескерттім. Түнгі сағат үште Талаптағы үйіме қонып азанғы сағат 9-ға жуық Бесарыққа келе жатсам үлкен жолдың қиылысында біраз сыған жүр, жалпы қарасы 70-тей адам. Олар Шиелі бағытына көлік тоқтатып мінбек, көліктер олардан айнала өтіп жатыр екен.
Бесарық станциясы жақтан бір жас келіншек пен орта жастағы әйел келді. Жас әйел: «Жақында Бесарыққа келін болып түсіп едім, түнде артымнан келген киімдерді мына цыгандар келіп ұрлап кетіпті, мына әйелдердің үстіндегі киіп жүрген киімдері менің артымнан келген киімдер» деп 5-6 әйелді көрсетті. Үш-төрт сыған әйелдің киімдерін шештіріп иесіне қайтардым.
Еңгезердей дәу, жасы елулерге келген қара әйел жемпірдің алдын жыртып «сені өлтіремін» деп маған тұра ұмтылды. Мен тәртіпсіздікті жалғастыратын болса көліктен мықты жігіттерді алдыртып, аяқ-қолдарын байлатқызып, таудың сусыз жыраларына апарып тастайтынымды ескерттім. Олар бір сағат шамасында бұл жерден жоқ болды.
Сол күннің ертесіне азанда «Волга» көлігі келіп, бір полиция майоры, бір аға лейтенант түсті. Олар Сығандар қайда кетті деп сұрады, өздерімен келген жас әйелді көрсетіп. Түркістан қаласының тұрғыны, осыдан үш күн бұрын үйіне 6-7 сығанды қондырса, 25000 сомын ұрлап кетіпті. «Бұл әйел үйіне кірген әйелдерді тани ма?» деп едім, «Таниды деді. Мен оларға сығандардан ұрлаған нәрсесін қалай қайыру тәсілін түсіндірдім. Сыған таборына барып, сезікті ұрыларды ақша беремін деп алдап, оңаша шығарып ұрлап басқа жерге тығып тастау керек. Табор басшысымен келіссөз жүргізу керек, ол келіспеген жағдайда ол әйелдерді таудағы шопандарға сатып ақшаны өтейміз деп қорқыту қажет.
Шиеліге телефон соғып, ішкі істер бөлімінің бастығынан түркістандық полиция қызметкерлер бар­ғанша сығандарды тоқтата тұруды өтіндім. Кейін естідім, түркістандық полиция қызметкерлері мен үйреткен тәсілді қолданып, қолды болған жиырма бес мың сомды қайтарып алыпты. Бұл ақшаға су жаңа екі «Жигули» көлігін алуға болады.
Міне, біздің бүгінгі кейіпкеріміздің бір күндік қызмет тәжірибесі, бұдан бөлек істерге кейінірек жеке-жеке тоқаталамыз. Әр дәуірдің өз келбетін осылай көруге болар. Қазір қарап тұрсаңыз, қоғам тәртіпсізденіп барады. Қылмыстық іс қозғамай-ақ өздігінше мәселе шешкен Әбдраман атамыздың тәжірибесі осындай. Өнеге өрімі деген осы шығар...

Әлібек ТЕМІРБЕК

01 қазан 2024 ж. 159 0