Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сазды ғұмыр – сахналық өмір

Сазды ғұмыр – сахналық өмір


Бүгін М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, белгілі әнші-сазгер Уалихан Ибрагимовтің «Сазды ғұмыр – сахналық өмір» атты шығармашылық кеші өтті.

Тағылымы мол рухани шараға аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаев қатысып, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары мен аудан әкімі Мажит Самитовтің құттықтау лебізін жеткізді.
Салтанатты кеш барысында өнер иесінің мәдениет саласын дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен ұлттық өнерді насихаттаудағы зор үлесі жоғары бағаланып, ауданның ең жоғары марапаты – Құрмет грамотасы табысталды. Сондай-ақ қазақы дәстүрге сай иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
Кеште Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Гүлмира Ақүрпекова, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», белгілі әнші-композитор Дүйсенхан Сыздықов өнер көрсетті. Сонымен қатар, Сыр самалы ансамблі мен M-Band тобы көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, кештің ажарын аша түсті.
27 мамыр 2026 ж. 136 0