№38 (8952) 23

23 мамыр 2026 ж.

№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясының белсенді қатысушылары марапатталды

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясының белсенді қатысушылары марапатталды



Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кеңінен жүзеге асырылуда. Осы игі бастама аясында бүгін аудан көлемінде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, теміржол бекеттері мен Жаңақорған теміржол вокзалының аумағы тазартылды.

Экологиялық іс-шараға аудан әкімі Мажит Самитов арнайы қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ бірқатар мекеме қызметкерлері мен белсенді азаматтарға Алғыс хаттар табыс етілді.

Ауқымды акция барысында кенттік ардагерлер кеңесінің төрағасы Серхожа Ыдырысов сөз сөйлеп, акция қатысушыларына ізгі тілегін жеткізді.

Шара аясында вокзал маңы мен теміржол аумағындағы арамшөптер шабылып, күл-қоқыстар шығарылды. Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері, еріктілер, жастар мен ардагерлер және аудан тұрғындары белсене қатысып, жалпы саны 500-ден астам адам жұмылдырылды.

Игі бастама өңірдің экологиялық мәдениетін арттырып, туған жерге деген жанашырлықты күшейтуге бағытталды.

#Жаңақорған
24 мамыр 2026 ж. 31 0