№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру – қоғамның басты құндылығы

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру – қоғамның басты құндылығы


Фото:
 ашық дереккөзден алынды
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.Сыбайлас жемқорлық қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер етіп қана қоймай, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін төмендетеді. Сондықтан қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайту, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу маңызды міндеттердің біріне айналып отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениеті – әрбір азаматтың заң талаптарын құрметтеуі, әділдік қағидаттарын ұстануы және кез келген заңсыз әрекетке бейжай қарамауы.Мұндай мәдениет тек мемлекеттік қызмет саласында ғана емес, жалпы халық арасында кеңінен қалыптасуы қажет. Себебі жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан халық арасында түсіндіру жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Департамент қоғамда парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру бағытында бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыруда.
Атап айтқанда, Департамент тарапынан мемлекеттік мекемелерде, квазимемлекеттік ұйымдарда және халықпен кездесулер барысында мемлекеттік қызмет әдебі, заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілуде.Мұндай шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып, қоғамда адалдық құндылықтарын нығайтуға ықпал етуде.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласына жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында заң талаптарына сәйкес келмейтін шектеулер анықталып, оларды жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.Бұл мемлекеттік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге және заң талаптарының сақталуына оң әсерін тигізді.
Бұдан бөлек, Департаментпен мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет түрлері бойынша да зерделеу жұмыстары жүргізілді.Нәтижесінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталып, мемлекеттік қызметшілерге қатысты тиісті шаралар қабылданды.Аталған жұмыстар мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға, қызметтік әдеп нормаларын сақтауға және мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілермен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, білім беру ұйымдарының басшыларымен және халық арасында бірқатар кездесулер өткізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін кеңінен талқылады. Кездесулер барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру,мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, азаматтармен ашық әрі тиімді байланыс орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әсіресе білім беру ұйымдары өкілдерімен өткен кездесулерде жас ұрпақтың бойына адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын сіңірудің маңыздылығы айтылды.Себебі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ең алдымен тәрбие мен саналы көзқарас арқылы қалыптасады.
Бүгінде қоғамда адалдық идеологиясын нығайту, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
Осы бағытта жыл басынан бері 200-ден аса түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Әділдік пен ашықтық қағидаттары орныққан қоғамда ғана тұрақты даму мен сенім қалыптасады.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру – баршаға ортақ міндет.
Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, адалдық қағидаттарын өмірлік ұстанымына айналдырған жағдайда ғана әділетті әрі дамыған қоғам қалыптасады. Адал қоғам – ел болашағының берік негізі.
Жанар ҚОЗБАҒАРОВА,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы
22 мамыр 2026 ж. 52 0