№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Айла-амал – қылмыс ашудың тиімді тәсілі

Айла-амал – қылмыс ашудың тиімді тәсілі

Құқық қорғау саласының ардагері Жасұзақ Аманбаев қылмыс ашудың түрлі тәсілін түсіндіріп, тәжірибесін бөліскен болатын. Ол ұзақ әңгіме. Ал қазір зейнеттегі Әбдіраман Абусейт атамыз да осындай бір күндік қызмет бабымен таныстырды. Ары қарай тізгінді кейіпкеріміздің өзі жалғасын...1957 жылы әскери міндетімді өтеу үшін Белоруссияға аттандым. 3 жыл бойы орманды батпақты жерлерді кезіп, партизан соқпақтарымен оқу-әскери жаттығулармен шыңдалдым. 1961 жылы міндетті өтеп, елге оралдым. Сол жылдың маусым айында аудандық ішкі істер бөліміне қызметке орналастым. 1962 жылы аудан Шиелі ауданымен біріктіріліп ішкі істер бөлімі Шиеліге көшірілді.
1966 жылдан бастап Жаңақорған ауданы қайта ашылып, ішкі істер бөлімі қайта жасақталды. Бастығы соғыс ардагері подполковник Махатаев еді. Мен Төменарық учаскесіне инспектор болып тағайындалдым. Бірде Махатаев маған «сыған деген халық бар, адал еңбекпен айналысуға құлықсыз, заңға сәйкес оларды да қылмыстық жауапқа тарта бастағанда бір бала және бір шал шекарадан жасырын өтіп кетті. Біріккен Ұлттар Ұйымына барып Совет үкіметінің үстінен шағым түсіргені жайлы айтқан. Совет үкіметі сығандар жөнінде заңды өзгертуге мәжбүр болып, оларды қудалауды тоқтатты» деді.
Цыгандар 20-30 жанұядан тұратын топ-топқа бөлініп, «табор» атанып өмір сүреді, өздерінің ішкі заңдары көп болып сайлаған басшысы болады. Қыздарын 13-14 жастан тұрмысқа бере береді. Олар ат желіген арбамен үлкен топ болып көшіп жүретін, ер-азаматтары жұмыс істемей шатырда жатады, әйелдері, бала-шағасы ел аралап дуанашылық жасап, ілінгеннің бәрін қағып кетеді.
1967 жылы көктемде Комунизм елді-мекеніне жолым түсіп, 20-дай ат арбамен сығандар тобыры келгенін көрдім. Арбада ер-азаматтар отыр, әйел балалары бір легі ауылға ағылып бара жатса, екінші легі ауылдан келе жатыр. Бос келе жатқаны жоқ, бірі тауық ұстап, екіншісі қаппен күріш, сеткаға салған ет, киім-кешектер тағы басқа заттары бар. Қарап тұрсаң ерсілі-қарсылы ағылған құмырсқаға ұқсайды. Жалпы саны 50-60 адамдай. Бұл халықтың салт-дәстүрі ешбір халыққа ұқсамайды.
1974 жылы Омск қаласындағы жоғарғы милиция мектебінде қылмыс әрекеттермен күрестің әртүрлі тәсілдері жайлы арнайы дайындықтан өттім. Бізге осы мамандықтың білгір мамандары полковниктер Ленинград, Москва, Одесса, Хабаровскіден келіп дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісетін. Сол оқу орнында оқытушы полковник Степанов деген кісі дүние жүзіндегі 400 мыңдай сығандарды зерттеп, арнайы кітап жазған.
Оның айтуына қарағанда цыгандар ерекше халық, жасалған қылмыстарды ашу көптеген кедергілерге кездеседі екен. Қылмыстыны барлық табор болып өлген-тірілгеніне қарамай қорғап, жанжал төбелестер тудырады. Оған негізінен әйелдері жас балаларын сирағынан ұстап, қарсыласын баласымен ұрып, шамасы жетсе киімін тартып, тісімен тістеп жарақат салуға тырысады. Дауды сығандардың жиналуына мүмкіндік бермей, кінәлілерді ұрлап кетіп, жасырып, табор басшысымен келіссөз жүргізу арқылы шешкен.
1987 жылы Бесарық учаскесіне инспектор едім. Бесарық заготзернасына арғы беттегі совхоздардан күніне мың тонналап күріш жеткізіліп жатқан кез, қыркүйек айы әрі қауын қабылдау пунктінде күніне ондаған вагон қауын тиелетін уақыт. Заготзернода жүріп түнгі сағат 10-да Шымкент жақтан бір топ сыған келе жатыр деген хабар алдым. Уақыт оздырмай дереу қауын базасына барып, жергілікті тұрғындарға ескерту жасап сығандардың үйлерін тонап кетпеуін ескерттім. Түнгі сағат үште Талаптағы үйіме қонып азанғы сағат 9-ға жуық Бесарыққа келе жатсам үлкен жолдың қиылысында бірқара сығандар жүр, жалпы қарасы 70-тей адам. Олар Шиелі бағытына көлік тоқтатып, мініп кеткісі келсе көліктер олардан айнала өтіп жатыр екен.
Бесарық станциясы жақтан бір жас келіншек пен орта жастағы әйел келді. Жас әйел жақында Бесарыққа келін болып түсіп едім, түнде артымнан келген киімдерді мына цыгандар келіп ұрлап кетіпті, мына әйелдердің үстіндегі киіп жүрген киімдері менің артымнан келген киімдер деп 5-6 әйелді көрсетті. Үш-төрт сыған әйелдердің киімдерін шештіріп иесіне қайтардым.
Еңгезердей дәу елулерге келген қара әйелдің үстіндегі жемпірді шештіруге келгенімде, ол жемпірдің алдын жыртып сені өлтіремін деп маған тұра ұмтылды. Жас әйел ілінген киімдерін алып дереу кетіп қалды. Мен бір топ сығанға тәртіпсіздікті жалғастыратын болса көліктен мықты жігіттерді алдыртып, аяқ қолдарын байлатқызып, таудың сусыз жыраларына апарып тастайтынымды ескерттім. Олар бір сағат шамасында көлікке мініп, Шиелі бағытына қарай жолға шықты.
Сол күннің ертесіне азанда волга көлігі келіп, бір полиция майоры, бір аға лейтенант түсті. Олар үйге кірген соң сығандар қайда кетті деп сұрады, өздерімен келген жас әйелді көрсетіп. Түркістан қаласының тұрғыны осыдан үш күн бұрын үйіне 6-7 сығанды қондырса, олар 25000 сомын ұрлап кетіпті. «Бұл әйел үйіне кірген әйелдерді тани ма?» деп едім, таниды деді. Мен олардан сығандардан ұрлаған нәрсесін қалай қайыру тәсілін түсіндірдім. Сыған таборына барып, үйге кірген әйелдерді ақша беремін деп алдап, оңаша шығарып ұрлап басқа жерге тығып тастау керек. Табор басшысымен келіс-сөз жүргізу керек, ол келіспеген жағдайда ол әйелдерді таудағы шопандарға сатып ақшаны өтейміз деп қорқытпаса қайтармайтынын айт деді.
Шиеліге телефон соғып түркістандық полиция қызметкерлер барғанша жібермей тоқтата тұруды ішкі істер бөлімінің бастығынан өтіндім. Кейін естідім түркістандық полиция қызметкерлері мен үйреткен тәсілді қолданып, қолды болған жиырма бес мың сомды қайтарып алыпты. Бұл ақшаға су жаңа екі жигули көлігін алуға болады.
Міне, біздің бүгінгі кейіпкеріміздің бір күндік қызмет тәжірибесі, бұдан бөлек істерге жеке-жеке тоқаталамыз. Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа, деген осы шығар. Қазір қарап тұрсаңыз, қоғам тәртіпсізденіп барады, өзге өңірлерде өз ұлтымыз емес, өзгелер өзегінен өріп, тәртіпке бағынуды қойды. Қылмыстық іс қозғамай-ақ Әбдіраман атамыз сөзге тоқтауға тырысқан мәселе осы. Өнеге өрімі осы шығар...

Әли ТЕМІРБЕК
25 ақпан 2021 ж. 362 0