№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ЕЛМЕН КЕЗДЕСУ – МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІН ТҮСІНУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

ЕЛМЕН КЕЗДЕСУ – МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІН ТҮСІНУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ


Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастыру мақсатында Қожакент ауылында аудандық мәслихат депутаты Үсенов Изатулла, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Әбілпейісұлы, ауыл әкімі Жиенқожаев Елеусіз және «Қожакент» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бегімбетов Қуанышбек ауыл тұрғындарымен және «Қожакент» бастауыш партия ұйымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру, абаттандыру жұмыстары, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру және елді мекеннің өзге де өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Ауыл азаматтары өз ұсыныстары мен пікірлерін ашық айтып, көкейлерінде жүрген сауалдарын ортаға салды.
Өз кезегінде жауапты азаматтар тұрғындар көтерген мәселелердің әрқайсысына назар аударылып, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Сонымен қатар ауылдың өсіп-өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жоспарлар таныстырылып, алдағы міндеттер сараланды.
Мұндай кездесулер билік пен халық арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, тұрғындардың талап-тілегін ескеріп, нақты мәселелерді шешуге жол ашады. Елмен емен-жарқын пікір алмасу – сенім мен бірліктің, ортақ мақсатқа жұмылудың жарқын көрінісі.

#AMANAT
#ХалықпенКездесу
#Қожакент #БастауышПартияҰйымы #БіргеӨзгереміз
22 мамыр 2026 ж. 50 0