Криминалистика-күрделі қызмет
– Бұл саланы меңгеру оңай шаруа емес, оған көп еңбек керек екені даусыз. Десе де қазір технологияның дамыған дәуірі, кез келген ортамен, тіпті, шет елмен байланыс орнатуға болады. Күнделікті орын алып жатқан қылмыстардың ізін суытпай, тез арада ашылуына криминалистиканың тигізер септігі мол. Тіпті, ішкі істер органдарын криминалистикасыз елес¬тету мүмкін емес. Еліміздегі кри¬миналистика саласы жыл өткен сайын жетіліп, заманауи техникалармен жабдықталуда. Криминалистік есептер автоматтандырылған. «Папилон» және «Образ++» ақпараттық-іздеу жүйе-лері, «EVOFINDER» баллистикалық идентификациялық кешен, «Портреттік идентификация» бағдарламалық қамту жүйесі, «Трасология» авто¬маттандырылған ақпараттық іздеу жүйелері қолданылады.
Біз, криминалистер, қылмыс орын алған жерлерді, соның ішінде қаза болғандардың мәйіттерін фотосуретке түсіріп, түрлі ізге түсеміз. Алынған іздерді базаға енгізіп, базадағы мәліметтермен салыстырмалы тексеріс жүргіземіз. Ол іздерді табудың түрлі әдіс-тәсілдері бар. Дене мүшелерінің іздері арқылы, тіпті, иіс арқылы табу тәсілі де қолданылады, – деді ол аз-кем қызметіне тоқталып.
– Криминалист болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек?
– Ең бастысы, жоғарыда айтқандай, шыдамдылық пен төзімділік керек. Криминалистің қолындағы крими¬налистикалық қобдишаның салмағы ауыр болады. Жұмыс барысында ол сенің үшінші қолың сияқты өзіңмен бірге жүреді. Сонда моральдық қана емес, физикалық тұрғыда да мықты болу керексің. Көп оқып, көп ізденуің керек, – дейді ол.
Бұл саланың жүгін көтерген ардагер полиция қызметкері Жасұзақ Аманбаев ағамызбен осы тақырыпта ой бөліскен едік.
– Жастар криминалды қылмыс ашудың қыр-сырын білу үшін еңбектене білу керек. Өйткені бұл құпиясы көп, қиын сала. Ол үшін көп іздену керек, арнаулы білім аса қажет. Қазір техниканының дамыған заманы. Қылмыс ашуға мүмкіндік де өте көп. Жастар ұғымтал келеді, сондықтан дұрыс бағыт көрсетіп, дұрыс тәрбиелей беру керек. Біздің кезде жағдай ауыр, мүмкіндік аз болғанымен ашылмаған қылмыс қалмады. Міне, біздің полиция ретіндегі абыройымыз осы қызметімізбен өлшенді, – деді Жақаң.
Осыдан-ақ бұл саланың салма¬ғының қаншалықты ауыр екенін аңғаруға болады. Жалпы айтқанда, криминалистер негізінен жеті түрлі зерттеу жүргізеді: дактилоскопиялық (саусақ іздері бойынша), трасологиялық (аяқ киім, шина, бұзу құралдарының іздері), суық қаруды зерттеу, баллистикалық, жазуды тану, құжат¬тардың техникалық зерттеуі, сот-портреттік сараптама. Криминалист мамандығын меңгеру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Себебі маманды дайындау барысы да күрделі. Олар арнайы білім алғаннан кейін де кәсіби біліктілікті арттырып отыруы керек.
– Азамат Жұматұлы өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңна¬масын, ІІМ, ІІД, ІІБ, ПБ бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа алады. Қызмет атқарып отырған Жаңақорған ауданының Полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық тобында 2 қыз¬мет¬кер жұмыс істейді. Азамат әріп-тестерінің арасында беделді. Соны¬мен қатар, бөлімге келген жас криминалистерге, практиканттарға тәлімгер болып бекі¬тілуде. Олармен қызмет атқару бары¬сында алған тәжірибесімен бөлісіп, мамандығының қыр-сырын үйретуде, – дейді полиция бөлімі бастығының орынбасары Шыңғыс Пазылов.
Түйіндей айтқанда, криминалистика қызметкерлерінің әрбір минуты қымбат, шектеулі. Криминалистика қызмет соны талап етеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл мамандықтың қыры мен сыры көп.
Әли ТЕМІРБЕК