№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ПРЕСС-ТУР: БАҚ ӨКІЛДЕРІ ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ПРЕСС-ТУР: БАҚ ӨКІЛДЕРІ ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Жаңақорған ауданында көлік-логистика және сервистік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі – Caspian Services Asia ЖШС-нің Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізінің бойындағы «В» санатты жол бойындағы қызмет көрсету кешені.

Жобаның жалпы құны 1 млрд теңгені құрайды. Нысан 2025 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.
Жоба аясында заманауи талаптарға сай: қонақ үй, қоғамдық тамақтандыру орны, жанар-жағар май бекеті, монша, жолаушыларға қызмет көрсету (автовокзал) бекеті салынған.
Бұл кешен халықаралық маңызы бар автокөлік жолымен қатынайтын жолаушылар мен жүргізушілерге сапалы қызмет көрсетіп, жол бойындағы сервистік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
22 мамыр 2026 ж. 48 0