Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Түгіскендегі темір ұстасы

Түгіскендегі темір ұстасы


Қазір аудан тұрғындарының үштен бірінде темір тұлпар бар. Техниканың озып тұрған заманында көлік тізгіндемеген азаматтар аз шығар. Бірақ темірдің аты темір, тозығы жетеді, кейде сапасы төмен болып шығады, тез бұзылатындары да бар. Осындай кезте техниканың тілін түсінетін мамандар мен автоэлектрик іздеп сандалып кететініміз рас. Ал, токарь, яғни темірден түйін түйетін ұсталарды табу қазір қиынның қиыны. Дәнекерлеуші көп, бірақ темір ұстасы саусақпен санарлықтай. Біз бүгін түгіскендік Саттар ұстамен тілдесіп, адал ісінің берекесін сөз етпекпіз.


Саттар Замановтың бұл кәсіпке деген қызығушылығы жас кезінен бас­талған екен. Кеңестік үкімет кезін­де техникаларды жөндеуде, әсіресе, темірлерді түгендеуде үнемі ұсталарға жәрдемші болып жүретінмін дейді.
– Қазір заманға қарай кәсіп таңдау көбейді, бірақ менің бұл істі бұрыннан қолға алуды мақсат етіп жүрдім. Қаншама жыл тәжрибеден өттім, Алла сәтін салып, былтыр шағын бизнес түрінде бастадым. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қызылорда облысы, Жаңақорған ауда­ны филиалының директоры Асылжан Жолдасбековпен байланысып, бизнес жоспар жасап, 2,5 процентпен несие алдым. Осылай кәсіпті бастап кеттім. Осы айдың соңында, келесі айдың басында егіске дайындық басталады, соған техникалар сақадай сай тұруы керек.
– Қызметіңізге сұраныс бар ма?
– Әрине бар, тек өзімнің ауылымнан ғана емес, көршілес ауылдардан да тұтынушылар тауып, жұмыс жасап жатырмын. Шыны керек, кедергілер де жоқ емес. Қазір маған қажетті 6 қырлы, түрлі мөлшердегі темірлер жетіспей жатыр. Көрші өңірлерден алып келеміз, бағасы қалтаға ауыр тиеді. Тұрақсыз деуге де болады. Бірақ оған қарамай жұмыс жасауға тырысудамыз. Әзірге ұлым екеуміз кәсіпті дөңгелетіп отырмыз. Егер ұсыныс, тапсырыс көбірек келсе онда жұмысшы жалдауға тура келеді.
Былтыр ғана кәсіп ретінде басталған қызметке тапсырыс енді болатыны түсінікті. Өйткені, Сырды бойлай қоныс­танған ауылдардың барлығы дерлік егіспен айналысады. Шаруалардың ша­руасы техникамен тұтасып тұр. Темір болған соң ол міндетті түрде істен шығады, біздің кейіпкеріміз осындай кезде ісін ілгерілетеді. Демек бұл кәсіп бүгінгі қоғамда үлкен сұраныста. Жалпы токарь, яғни ұстаның негізінен үш түрі бар. Біріншісі, ағаш ұстасы, бесінші разрядты және металл ісінің токары болып бөлінеді. Біздің кейіпкеріміз темір токары.
Ұстаның сыр алдырмаған қасиеті көптің көңілінен шығатын ескі мен жаңаны ұштастыра отырып қажетті дүниені қалпына келтіруі дер едік. Келешекте әлі талай дүниені жарыққа шығаруға мүдделі Саттар Қошқарұлы елге қажетті дүние жасағанына қуанышты. Артынан ерген ұрпағына мақтануға тұрарлық құнды дүние қалдыру міндет санайды. Сапалы, табиғи өнімді шығаруда металды таңдай білуі, ағашты дәл табуы маңызды саналады. Ендігі кезекте ұлт мұрасына деген сұранысты арттыру жолында аянбай еңбек етуді азаматтық борышы санайды.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
24 ақпан 2024 ж. 294 0