№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Темір қағып, теңге тап!

Темір қағып, теңге тап!


Заман өзгерді. Ей, адам сен де өзгер». «Заманына қарай адамы». Бұл – бабаның бүгінге жеткен сөзі. Әлімсақтан  «әу» деген сөзі әулиелі болған дана бабаларымыз бәрін де біліп айтқан. Заман ағымы алдыға жылжыған сайын, барлық салада түбегейлі өзгерістер орын алуда. Кезінде темір ұстаған ұста болудан қашатын жастар қазір токарь болуды армандап жүр. Себеп сол, кәсіби мамандардың жетіспеуінен қара жұмысқа сұраныс жоғары. Тиісінше, жалақысы да көңіл көншітерлік. Қала берді, қолына темір ұстап, тірлік қылған токарьды іздеп жүріп табатын деңгейге жеттік. Қысқасы, темір түйіп тірлік қылу – қазақтың қанында бар қасиет.
Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығында едәуір өзгеріске ұшырады. Тәуел­сіздік замандастарының арманы асқақ, мақсаты биік болды. Бәрі де қалам ұстап, қызыл креслода отырып нан табуды армандады. Ал, бүгінгі психология өзгеріп келеді. Қазір еңбекке еп-себі бар, қолынан өнері тамған дәнекерлеуші мен токарьді интернетті іздеп, әрең табасыз. Тапқанның өзінде тапсырысы көп, уақыты жоқ. Мұндай маманның әр сағаты ақша екені айтпаса да айдан анық. Осындайда, «Қап, баламды неге кәсіпке оқытпадым» екен деген өкініш өзекті өртеп жататыны бар.
Ендеше, ешқашан кеш емес.  Жаңа­қорған аграрлы-техникалық колледж педа­гогтары мен  өндірістік оқыту ше­бер­лері кәсіптен нәсіп жасап, өмірлік бағдарға айналдырамын деген кез-келген жасты сусындандыруға әрқашан дайын. Білім мен білік, сапа мен сана, нәтиже қашанда маңызды. Аудандағы шикізат орындары мен өндірістік компаниялардың сұранысына сай «Тау-кен», «Дәнекерлеу ісі», «Электромеханикалық жабдықтарға қызмет көрсету», «Автомобиль слесарь», «Токарь және металл өңдеу», «Сервистік қызмет көрсету» саласы сынды мамандық иелеріне сұраныс та, дайын жұмыс та көп. Тек, кәсіби кадр боламын деген ниетті нақты іске асырып, өз ісінің шебері бола білу қажет. Аталмыш мамандықтар аясында білім алған шәкірттер аудан, облысқа танымал жеке қызмет көрсетуші кәсіпкерлерге айналып үлгергені де қашан. Осындайда, дана қазақтың «Еңбектің наны тәтті» деген сөзі еріксіз еске түседі.
Мамандық таңдау – маңызды іс. Жоғарыда атап өткендей, гуманитарлық мамандардың көптігінен  елде жұмыссыздық мәселесі өршіп тұр. Керісінше, қолына темір ұстап, қара тірлікті меңгергендерге сұраныс жоғары. Сондықтан, ата-ана заман талабына сай сауатты шешім қабылдағаны абзал. Баласына дәрігер, мұғалім бол деудің орнына «Тау-кен жұмысшысы, «Электромонтер», «Тракторшы», «Сервистік қызмет», «Ұялы телефон жөндеу», «Тоңазытқыш жөндеу» мамандығын ұсынған абзалырақ.  Қысқасы, темір қаққандар теңге ұстаудан жарысуда. Ендігі шешім, ата-ана мен талапкердің еншісінде.
Мен де 12 жылдық тәжірибемде «Токарьлық ісі және металл өңдеу» біліктіліг бойынша жұмыс жасаудамын. Токарь – жұмысшы, токарь ісі жөніндегі маман - ағаштан, металдан, пластмассадан, орг шыныдан, шайырдан және т. б. жасалған айналмалы дайындамаларды кесу арқылы өңдейтін маман.Токарь – халық шаруашылығының түрлі салаларында сұранысқа ие мамандық. Әсіресе, бүгінгі қоғамда  сұранысы жоғары. Сондықтан, келешек кәсіби білім алғысы келетін барша абитуренттерді кәсіптің көкжиегін қалауға шақырамын.
Заманауи оқу құралдарымен жаб­дық­талған жаңарған кәсіптік колледжде балалардың еркін білім алуына, жатақ­ханамен, қосымша шәкіртақы алып, ыстық тағаммен қамтамасыз етілуіне барлық ыңғайлы жағдай жасалған. Темір қағып, теңге табатын маман боламын деген әрбір аудан жасына оқу орнының есігі айқара ашық. Болашаққа бастар жолды дұрыс таңдайық!
Оразкүл АЛДАБЕРГЕНОВА,
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі
23 маусым 2021 ж. 383 0