№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жүз жыл «жасаған» трактор бар

Жүз жыл «жасаған» трактор бар

«Ұстаның қолы алтын» демекші, ауылды жерлерде он саусағынан өнер тамаған азаматтар аз емес. Солардың бірі – Жетісай ауданы Қызылқұм ауылының тұрғыны, темір ұстасы Әмір Әуелбеков. Жастайынан темір-терсек құрастыруға құмар ол бүгінде жұрттың әжетіне жарап, шағын ұстаханалық цех ашып, елдің алғысын алып жүр. 

âÐеÑÑÑайда жүз жÑл «жаÑаÒан» ÑÑакÑÐ¾Ñ Ð±Ð°Ñ    Жуырда ғана ол бір ғасырға жуық «ғұмыр кешкен» көк тракторға «жан бітіріп», ауылдың кіреберісіне ескерткіш ретінде тарту етпек ниетте екен. 1922 жылы шыққан трактордың маркасы – «Универсал». Бұл тракторды соңғы жылдары Қосқұдық ауылының тұрғыны Қырғызбай Ботыұлы есімді азамат тізгіндепті. Қырғызбай ақсақал о дүниелік болып кеткеннен соң балалары «әкеміздің көзі» деп ешкімге сатпай сақтапты. Тіпті бір кездері бұл трактордың айырбасына – су жаңа «Жигули» де ұсынған екен. Алайда әке амаманатына адал балалары айырбасқа бармапты.


  «Көк трактордың біраз бөлшегін қайта қалпына келтіруге тура келді. Бірнеше бөлшекті қолдан құрастырдым. Сырлап, жаңадан дөңгелек салдым. Енді бірер күнде қайта құрылымдау жұмыстарын аяқтап, ауыл әкімшілігінің басшыларына табыстаймын», - дейді Әмір Әуелбеков.
 

  Бүгінде Әмірдің шағын цехында 4 жігіт жұмыс істейді. Олар темір қақпалар құрастырып, арка, бастырма жасаудың нағыз шеберлері атанып үлгерген. Маусымдық кезеңдегі табысымыз айына 250-300 мың теңгеге дейін ұлғаяды дейді олар. Істің көзін тапқан Әмір алдағы жылы үйінің іргесінен жыл он екі ай жұмыс істеуге лайықты шағын цех салуды жоспарлап отыр. Дереккөз: Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметінің фейсбук желісіндегі ресми парақшасы

24 қараша 2018 ж. 1 226 0