Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Мерзімінен бұрын босатылмайды

Мерзімінен бұрын босатылмайды

Заңға енгізілген толықтырулар мен өзгертулерге байланысты енді темір торда жазасын өтеп жатқан азаматтар мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмайды. Яғни, шартты түрде абақтыдан босатылмайды. Сот кінәліге бас бостандығынан айыру туралы қандай мезгіл белгіленді, сол уақытты толық өтеп шығады. Мәселен, 5 жыл десе, жазаланушы айыбын толық өтеуге міндеттелді.

Ал, бұрындары тәртібіне қарай жеңілдететін еді. Биыл ондай жеңілдік жоқ. Сондай-ақ, сыбайластыққа жол беріп, пара бергендерге де заң қатаңдады. Өйткені, жемқорлық індеті белең алып барады.
Айта кетейік, былтыр аудан көлемінде есірткі бизнесі, тонау, жол ережелерін бұзу қылмысы көбейді. Мал ұрлығы да мазасыз, заңдылық бойынша барымташыларға иелері кешірім бергенімен, заң кешірмейді. Айыбын темір торда өтейді. Сол секілді былтыр есірткімен заңсыз айналысқандардың барлығы бас бостандығынан айырылды. Бұл біздің ауданда өршіп тұрған қылмыстың бірі. Сондықтан заң қатаңдамаса, тәртіп бұзушылар тым еркінсіп кетті. Жаза баспай тұрып, ойланып әрекет еткен жөн. Әркімнің тағдыры өз қолында.

Эльдар РЫСКУЛОВ,
аудандық соттың судьясы
24 ақпан 2021 ж. 511 0