Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сайлау – саяси өзгерістердің бастауы

Сайлау – саяси өзгерістердің бастауы


Жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісінде сайлау органдарының кәсіби мерекесі, яғни дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі. Бұл атаулы күн 2005 жылы Будапештте (Венгрия) өткен сайлау ұйымдастырушылардың бас конференциясында қабылданып, БҰҰ қолдап, кәсіби мереке ретінде аталып келеді. Биылғы дүниежүзілік сайлау күні 1 ақпан күніне сәйкес келді. Осы орайда, аудандағы аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс барысымен танысып көрдік.


Сайлауды ұйымдастыру және өткізу сала­сындағы мамандар Дүниежүзілік сайлау кү­нін белгілей отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау про­цестерін жақсарту мәселесіне жұрттың назарын аударуды көздеді. Осы күнді өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияланды­ру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасын­да демократиялық құныдылықтарға бейімділік­ті қалыптастыру. Біз бүгін аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Өмірбек Жұмабекұлын сұхбат алаңына шақырдық.
Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту жөнінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жоспары бекітіліп, 1 ақпан күні аудандық ау­мақтық, №1 округтік, №304, 305, 309 учаскелік учаскелік сайлау комиссияларында «Ашық есік күндерін», аудандық сайлау комиссиясында сайлау ардагерлерімен кездесу, Жаңақорған аграрлы техниаклық колледж студенттерімен «Таңдау және сайлану Конституциялық құ­қық» тақырыбында кездесулер, №334, 336, 340 сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен №51, 56, 125 білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушыларымен «Таңдау және сайлану Конституциялық құқық» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастыру жоспарланған
– Бүгінде аудандық аумақтық сайлау ко­миссиясының құрамы 7 мүшеден құрылған. Сайлауды жүзеге асыру үшін ауданда 42 учаскелік, 15 округтік сайлау комиссиясы құрылған. Аудандық аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамы Жаңа­қорған ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №142 шешімімен сайланды. Жаңақорған аудандық мәслихатының депу­таттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы 2023 жылғы 16 қаң­тардағы №364 шешімімен сайланған, – деді төраға.
Жалпы аудандағы 1 аудандық аумақтық комиссияда 7-мүше, 42 учаскелік комиссияда 272 мүше, 15 округтік сайлау комиссияда 75 мүше, барлығы 354 комиссия мүшесі жұмыс жасайды. Сайлау комиссияларының құрамда­рын тиісті мәслихат қалыптастырады, сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. 2021 жылдан бастап аудандық маңы­зы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауы өтікізіліп келеді. Ауданда 2021 жылы 13 ауылдық округ, 2022 жылы 2 кент, 1 ауылдық округ, 2023 жылы 5 ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы өтікізілді. 2024 жылы өкілеттік мерзімі аяқталатын 1 ауылдық округі әкімінің тікелей сайлауын өткізу жоспарлануда. 2023 жылдан бастап Мәслихаттар депутаттарын халық жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады: бірыңғай аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша – екінші жартысы сайланады. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.
Жиырма жасқа толған ҚР-ның азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. 2023 жылғы 19 наурызда Жаңақорған аудандық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы өтіп, 15 сайлау округі бойынша Жаңақорған аудандық мәслихатының 15 депу­таты сайланғанын білеміз. 2024 жылы №1 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткізу жоспарлануда.
– Әрбір дауыстың маңыздылығы мен рөлі қандай?
– Сайлауда әркімнің даусы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ықпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаған таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат немесе саяси партия елдің болашақтағы дамуын айқындайды. Сайлаудың маңыздылығы және сайлаудағы әрбір дауыстың маңыздылығы да, міне, осында.
Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Кімді сайлау керектігін айқындау үшін саяси сауатты болуы керек, айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерінен, көзқарастарынан хабардар болу керек.
– Сайлау еркіндігінің кепілдіктері қандай?
– Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, көсіпорындар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының сайлау туралы зандарды бұзатын шешімдері мен іс-әрекеттеріне сотқа шағымдануға бола­ды. Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеу заңсыз әрекет болып табылады. Азаматтардың сайлауда өз еркін білдіруі ықтиярлы түрде жүзеге асады. Сайлаушы өзінің ішкі сенімі мен таңдауына сүйене отырып, дауыс береді. Егер сайлауды өткізу барысында заңды бұзушылық байқалса, сайлау жарамсыз болып танылуы мүмкін.
– Мүмкіндігі шектеулі жандар сайлау құқығының жүзеге асу қалай өтеді?
– Осы санаттағы азаматтардың мемлекеттегі қоғамдық және саяси өмірге қатысуына байланысты, мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруі үшін қажетті жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Аудандағы сайлау учаскелері орналасқан ғимараттарға кіреберіс пандустармен, тактильді белгімен қамтамасыз етілген. Дауыс беру күні сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнаулы бұрыш жабдықталады және инватакси, сурдоаудармашымен қамтамасыз етіледі. Денсаулығына байланысты дауыс беру үйіне келе алмайтын азаматтар үшін дауыс беру үйінен тыс жерде дауыс беру үшін жағдай жасалады.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
30 қаңтар 2024 ж. 272 0