№94 (8702) 28

28 қараша 2023 ж.

№93 (8701) 25

25 қараша 2023 ж.

№92 (8700) 21

21 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Сайлау – болашағынды таңдау

Сайлау – болашағынды таңдау

Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Сұлтан Ибрагимовтың сөзінше, 13 ауылдық округтегі 17 сайлау учаскесінде сайлау қалыпты өтуде. Елді мекен тұрғындары белсенді қатысуда екен.
– Жалпы ауылдық округ әкімдеріне сайлауға түсуге 46 кандидат тіркелді. Оның 22-ы саяси партиядан, 24-і өзін-өзі ұсыну жолымен сайлауға түседі.
Бір сайлау округінде 2 кандидат, 5 сайлау округінде 3 кандидаттан, 4 сайлау округінде 4 кандидаттан, 2 сайлау округінде 5 кандидаттан және 1 сайлау округінде 6 кандидат тіркелді.
Барлық сайлау учаскелерінде таңғы сағат 7.00-ден ашылып, өз жұмысын бастады.
Сайлауға ауыл тұрғындары белсенді қатысуда, – дейді Сұлтан Мақсұтұлы.

Айта кететіні, ресми ақпарат көздерінде сағат 18.00-ге дейін республика бойынша сайлаушылардың 85 пайызына дейін дауыс берді.

Қожамберділік Сапар Оңдыбаев:
– Біздің ауыл шағын болғанымен, кемелдену жолына түсіп, әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешілуі тиіс. Ол үшін перспективалы азаматтар жол бастауы тиіс. Осы тұрғыда өз таңдауымды жасадым. Себебі, сайлау – болшағынды таңдау деген сөз, – деп өз ойын білдірді.

Расында, халық жайлы да қауіпсіз, тыныш та тұрақты қоғамда өмір сүргісі келеді және оған толықтай құқылы.

"Жаңақорған тынысы"
25 шілде 2021 ж. 371 0