Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жауынгер жолы – ұрпаққа мұра

Жауынгер жолы – ұрпаққа мұра

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күн. Бұл күн – біз үшін тарихи күн. Соғыста ерлік көрсеткен батыр ағаларымыздың жауынгерлік рухын дәріптеу, ерліктерін өскелең ұрпаққа өнеге ету міндет. Ал әскер сапынан туған үйіне оралмай, майдан даласында қаза болған боздақтардың есімі ешқашан ұмытылмайды. Жаңақорған аудандық Ауғанстан ардагерлері және патриот жастары қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қуаныш Әбләкімовпен сұхбатымыз осы тақырыпта өрбіді.

– Кеңес әскерлері 1989 жылы 15 ақпанға дейін 10 жылға жуық мерзім­де соғыс қимылдарын жүргізді. 1979 жылы 27 желтоқсанда Кеңес әскерінің интернационалист жауынгерлері қа­та­рында Қызылорда облысынан 700-ге жуық әскер майдан даласына аттанды. Аудан бойынша 96 азамат ауған соғысына қатысқан. Соның бірі Ауған жерінде ерлікпен қаза болған Мұхтар Нарымбетов бауырымыз үш жерінен жарақат алып, жат елде қайтыс болды. 15 жауынгер елге келгеннен кейін соғыстың зардабынан оңала алмай қайтыс болды. Әділ Қадіров деген азаматымыз майдан даласында фельдшер болып, қаншама сарбаздарды емдеп, жазып шықты. Елге оралғаннан кейін де осы медицина саласында бі­раз жыл абыройлы қызмет атқарды. Өкінішке орай мезгілінен бұрын өмірден озды. Әуелов Ермек деген азаматымыз да майдан даласында жарақат алған. Қажырлылығы арқасында аман қалған. Ниязхан Мұханов, Серік Азнабаев, деген азаматтарымыз соғысқа ең бірінші кіріп, қиыншылықтарға төтеп берген. Ерекше ерлік жасағаны үшін медалі­мен марапатталған азаматтарымыз Жа­малдин Әбілбашаров, Ерік Ағманов, Ермек Әуелов, Ниязхан Мұханов, Ғалым Нартаев, Парман Ахметов, Серік Азнабаевтың есімдерін айырықша атай­мыз.
Қазіргі таңда ауданда 45 аудан ардагер бар. Әрқайсысы түрлі са­лада жұмыс жасайды. Елді мекендерде ша­руашылықпен айналысатын азамат­тарымыз да бар. Ауған соғысы ар­дагер­леріміз әлі де соғыс кезіндегі жан­ға түскен жараның зардабын көріп келеді. Мемлекет тара­пынан алатын жәрдемақысы 21700 теңге ғана. Ауған ардагерлеріне жылына бір рет емделуге көмек беріліп, отырса нұр үстінен нұр болар еді, – дейді Қуаныш Әбләкімов.
Ауған соғысы ардагерлері қоғам­дық бірлестігі әр жылда 15-інші ақпанда Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына орай жастар арасын­да кездесулер өткізіледі. Өзім осы бірлестіктің жетекшісімін. Мақсатымыз – жастарға патриоттық тәрбие беру. отансүйгіштікке баулу. Мектептерде «Айбын», «Жас мерген, «Мен әскер­ге дайынмын» атты дәстүрлі әске­ри шаралар өткіземіз. Әсіресе әскер­ге баратын жасөспірімдермен кездесу ұйымдастырып, аға толқынның ерлік жолынан естеліктер айтып, айбынды рухқа тәрбиелесек дейміз.
Ауданда ауған соғысы ардагерлері қатарында білім саласы, денсаулық, ішкі істер саласы қызметкерлері, теміржол және жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар ел игілігіне ортақ үлесін қосып келеді, – дейді бірлестік төрағасы.
Ұрыс даласына аттанып, жалынның ортасында жастығын құрбан қылған жауынгерлер есімі мәңгі жүрегіміз­де сақталады. Өткенге оралғымыз кел­мегенімен тарихқа таңба болып ба­сылған сол күндерді ұрпақ білуі тиіс.

Әсел ИБРАГИМОВА
14 ақпан 2023 ж. 256 0