№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ерлер есімі ел жадында

Ерлер есімі ел жадында


Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына биыл 33 жыл. От пен оқтың ортасынан оралған оғландарға құрмет көрсетіп, жауынгерлік рухын дәріптеу, ерліктерін өскелең ұрпаққа өнеге ету – міндет. Ал, әскер сапынан туған үйіне оралмай, майдан даласында қаза болған боздақтардың есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Жақында аудан орталығындағы №163 орта мектепте Ауған соғысының ардагері Мұхтар Нарымбетов пен Әділ Қадыровты еске алуға арналған волейболдан ардагер спортшылар арасында өткен аудандық турнир осының дәлелі. Жарыста кент және ауылдық округтерден бірнеше команда бақ сынап, жүлде жолында барын салды.


Тарих көшінде қалған осы бір сұрапыл жылдар қазақстандық нар жігіттердің біразының жастығын жа­лын құштырды. Кеңес әскерлері 1979 жылдан 1989 жылы 15 ақпанға дейін 10 жылға жуық мерзімде соғыс қимылдарын жүргізді. 1979 жылы 25 желтоқсанда Ауғанстан жеріне Кеңес әскері қатарында интернационалдық борышын өтеу үшін Қызылорда облысынан мыңға жуық әскер май­дан даласына аттанды. Олардың арасында он екі мүшесінің бірінен айырылып елге жарымжан қайт­қандар да аз емес.
– Ортамызда жоқ ерлердің есі­мін өшірмей, ұлықтап отыру біз­дің азаматтық борышымыз. Ұрыс даласына біз бірге аттанып, жа­лын­ның ортасында жастығын құр­бан қылған қаншама жігіттерді, жерлестерімізді көрдік. Өткенге оралғымыз келмегенімен, тарихқа таңба болып басылған сол күндерді ұрпақ білуі тиіс. Дәстүрге айналған турнир биыл да жалғасын тауып, батырларымыздың есімі қайта жаң­ғырып жатыр. Бұйырса жыл сайын жарыстың деңгейін өсіріп, келер жы­лы бұдан да көлемді өткізуге тырыса­мыз, – деді ұстаз, ауған соғысының ардагері Қуаныш Әбіләкимов.
Мұхтардың өмірден озғанына би­ыл 42 жыл толды. Артында ізін жалғ­ар тұяғы қалмаса да өшпес мұрасы – ерлігі қалды. Жыл сайын өзі оқы­ған №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектепте еске алу шаралары өткізіледі. Мұхтар Нарымбетов атына көше берілді. Ол 1960 жылы 2 шілдеде дүниеге келген еді. Еңбек жолын аудандық астық қабылдау пунктінде жүргізуші болып бастады. 1979 жылы, нақ 19 жасқа толған туған күні әскер қатарына шақырылып, бірден Термез қаласына жіберілді. 2 айлық оқу жаттығудан кейін Кабул қаласына майданға аттанған. Жауынгер денесі салынған табыт қасірет белгісіндей туғандарының көңілін күні бүгінге дейін мұздай қарытып келеді.
Сонымен еске алу турнирі бас­талды. Ашылу салтанында кент әкімі Сардармұхамедуәлі Садықов сөз алып, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, боздақтардың жақын туыстары, дос-жарандары келіп, алғысын білдіріп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Бұл турнирге кент және ауылдық округтерден 5 команда өзара мықтыны анықтады. Алғашқы ойында №163 орта мектебінің ұс­таздары мен Қосүйеңкі ардагерлері кездесті. Қос кезеңнің нәтижесінде Мұхтар Өрғараев бастаған мектеп ұжымы жеңіске жетті.
Біздің ауданда волейболдан арда­герлер арасында турнирлер өткізу жақсы жолға қойылған. Бұл да жас­тарға, шәкірттерге үлкен өнеге бо­лары анық.
Жалпы жарыс нәтижесінде №163 мектеп чемпион атанса, 2 орын – №51 орта мектебіне бұйырды. Үз­дік үштікті №192 орта мектебінен келген мұғалімдер түйіндеді. Сон­дай-ақ, «Үздік ойыншы» номинациясы бой­ынша Жұлдызбек Досжанов (Келінтөбе ауылы), Бибатыр Сәр­сенбаев (Қосүйеңкі ауылы), Мұрат Бакиров (Қосүйеңкі ауылы), Төребай Сапарбаев (№51 орта мектеп), Мұхтар Өрғараев (№163 орта мектеп), Бақытжан Бакиров (№192 орта мектеп) марапат мінберінен көрінді. Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен, демеушілердің та­ғайындаған бағалы және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Әли ТЕМІРБЕК


25 мамыр 2022 ж. 357 0