№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сертке берік сында сүрінбейді

Сертке берік сында сүрінбейді


15 ақпан 1989 жыл. Бұл күні Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарылды. Міне 31 жыл өтті. Алайда жүректе қалған азапты жылдар ізі әлі өшкен жоқ. Жалындаған жастық шағында өздеріне жат ел үшін қан кешкен боздақтар ерлігін ұмытпау келер ұрпақтың қасиетті міндеті. Осы атаулы күнге байланысты аудан мектептерінің барлығында патриоттық шаралар өтуде. Соның бірі аудан орталығындағы №3 мектеп-интернатында өткен «Ауғанның отты жалыны» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесуге өзіміз де куә болдық.

Тағылымды кеш отты жылдары соғыс майданында өмірден озған қандастарымызды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Жылдар өткенімен интернационалист жауынгерлердің ерлігі ел есінде мәңгі сақтаулы. Білім ордасының 9 сынып оқушыларымен кездесуге Ауған соғысының ардагерлері, «Жаңақорған аудандық Ауғанстан ардагерлері және патриот жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қуаныш Абилакимов және Анарбай Ысқақов арнайы келді. Сондай-ақ аудандық жастар ресурстық орталығы әдіскер маманы Әділ Бақытжанұлы, белсенді волонтер жастар қатысты.
Бұл қантөгісте 10 жылға жуық Кеңес әскерлері басына да қра бұлт үйірілді. Осы жылдар аралығында Қазақ жерінен 22 269 адам қатысып, мыңдаған жас жан тапсырса, 21 азамат хабар-ошарсыз кетті, қаншамасы мүгедек болып оралды.
Міне, осы тарихты жас жүректе тірілткен жастар патриоттық әндер шырқап, зарлы аналардың көз жасын жырмен жеткізді. Өз борышын өтеуге барған жас солдаттың соғыс даласындағы ерлігін сахналағанда өзіміз бір майдан даласында жүргендей беймаза күй кештік.
Бүгінде Жаңақорғанда 45 Ауған соғысы ардагері бар.  Өмірінің өлшеулі бір бөлігін, оқ пен оттың астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған топырағымен қауышқан майдангерлерге білімпаз жастар Ауған жеріндегі қиыншылықтарымен өз естіктерімен бөлісуге қолқа салды. Кеш қонақтары Қуаныш Мұсаұлы мен Анарбай Ысқақов балаларды Отанын, елін сүюге, ел алдындағы борышын адал атқарып, ата-анасы мен бауырларына қамқор болуға, бейбіт өмірді бағалай білуге шақырды.
Кеш барысында ауған соғысы жайлы бейнероликтер көрсетіліп, азаматтардың ерлік жолы өнеге екендігін сынып тәрбиешісі Сабира Құлымбетова өз сөзіне арқау етті.
Шара соңында оқушылар ардагерлермен естелік суретке түсіп, ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпат табысталды.

Майра ӘБДУӘЛІ
15 ақпан 2020 ж. 773 0