Кәсіби-техникалық мамандық – заман талабы
Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі керек және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында осындай нақты меже мен міндет қойды. Өйткені, елдің ертеңгі тізгіні кәсіби, білікті, заманауи технологияның тілін түсінген жастардың қолында. Сондықтан, техникалық мамандықтарға басымдық беріп, заманауи салада жастарға мүмкіндік беру қазіргі қоғамның басты талабы. Осы бағытта Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі қандай жұмыстар атқаруда? Студенттердің сапалы білім алуы мен болашағынан не күтеміз? Осы сауалдар төңірегінеде саралап көрдік.
Қазір колледждің директорлық міндетін Дәулетхан Тұрсынхожаев атқарып жүр. Жас болса да тәжірибелі басшымен оқу орталығы тіршілігін толықтай түйіндеп шықтық. Жаңарған оқу орнының көрікті келбеті көз сүйсіндіреді. Оқу құралдары, заманауи техникалары да жаңа үлгіде. Студенттерге шәкіртақы және ауылдық жерлерден қатынау құны да қаралған.
Қандай мамандықтар оқытылады?
Алдымен оқу орнындағы мамандықтарды жүйелеп алсақ. 2005 жылға дейін студенттер 6 мамандық бойынша білім алса, қазіргі таңда олардың саны 19-ға толықты. Оқу кабинеттері мен зертхана, шеберханалар саны артып, практикамен қатар теориялық жүйе де қатар жүруде. 4зертхана, 6 шеберхана бар. Оның ішінде, «Токарьлық ісі және металл өңдеу» мамандығы бойынша «Станок жұмыстары» шеберханасы, «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша , «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» шеберханасы бар. Сол секілді, «Тігін», «Пісіру жұмыстары», «Тамақ дайындау», «Техникалық қызмет көрсету» шеберханасы да сабақ жүзінде жүзеге асуда.
– Бізде «Ветеринария» мамандығы бойынша арнайы пән кабинеті мен зертханасы, «Электротехника», «Тау-кен механика», «Электронды ақпараттандыру» зертханасы, экономика негіздері кабинеті, өзін-өзі тану, 2 компьютер, 27 оқу кабинеті болса, 14 оқу кабинеті интерактивті тақтамен жабдықталған, 2014 жылы колледждің әкімшілік ғимараты іске қосылып пайдаланылуға берілді. 2020-2021 оқу жылында колледж толықтай күрделі жөндеуден өтіп жылу қазандығы қатты отыннан (көмір) сұйық отынға (табиғи газ) ауысты. Колледж 200 орындық АКТ залы, 160 орындық асхана, 100 орындық жатақханамен қамтылған, – деді Дәулетхан Мадиярханұлы.
Жалпы алғанда колледжде 19 мамандық, 24 біліктілік бар. Яғни, 19 мамандықты игерген студенттер 24 түрлі салаға бейім деген сөз. Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, ауыл шаруашылығын механикаландыру, бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану сынды мамандықтар бар. Сол секілді дәнекерлеу ісі, есеп және аудит, есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша), жеміс-көкөніс шаруашылығы мен маркетинг (салалар бойынша), тамақтандыруды ұйымдастыру және тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша маан атануға болады. Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, эектр жабдықтары, токарлық іс, пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану, ветеринария және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану мамандығы бар.

“Жас маман” жобасын не береді?
«Жастар жылы» аясында «Жас маман» жобасы жүзеге асқанын білеміз. Бағдарламаның басты мақсаты – заман талабына сай білікті маман даярлау. Жоба аясында Қазақстандағы 795 оқу орнынан 180 кәсіптік білім мекемесі таңдалды. Соның ішінде біздің аграрлы-техникалық колледж бар.
– Жобаның мақсаты worldskills стандарттарының халықаралық тәжірибесін енгізе отырып техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы сұранысқаие 100 мамандықты анықтау және қайта жаңғырту. Жобаны іске асыру қорытындыларыбойынша оқу ұйымдары республикалық және халықаралық деңгейлерде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылатын болды.«Дәнекерлеу ісі» мен «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша колледжге республикалық бюджеттен 320 млн бөлінді. Бұл қаржыға кәсіптік білім мекемелері халықаралық стандарттарға сай соңғы үлгідегі құралдар сатып алынуда. Жас маман жобасы колледждің оқу өндірістік базасын жаңартып қана қоймай құзіреттілік орталығын құруға мүмкіндік бермек. Бөлшектеу құрастыру құрылғыларынан бөлек Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі базасына білім алушыларға жүргізіп үйренуге арналған су жаңа техникалармен толықты. Жас маман мемлекеттікбағдарламасы аясында білім ордасында еуропалық стандарттарға сай соңғы үлгідегі дәнекерлеу құралдары жеткізілді.Қазіргі мемлекет қолдауына ие болған білім ұясы дуалды және модульді оқыту жүйесіне көшті, – деді мекеме басшысы.

Заманауи технологиялардың келбеті
Бізге қажеттісі де осы еді. Яғни, оқу орнындағы заманауи құрылғылар іс жүзінде қалай жүзеге асуда. Алдымен көлік жөндеу кабинетіне келдік. Бұл кабинетте көліктің әрбір техникасын бөлшектеп үйретеді. Екіншіден, планшет арқылы және үлкен экранды арна арқылы түсіндіру сабағына да қатыстық. Жалпақ тілмен айтқанда, балаларға көлікті басқарудан бастап, әрбір құрал-сайманына дейін түсіндіріледі. Сол секілді, бүгінгі күннің мамандығы болған токарь кабинетіне де бардық .Ал, қыздар тігін шеберханасы мен асханасына да ерекше тоқталуға болады.
– Тероиялық және практика өтетін оқу шеберханалары толық заманауи техникалық құралдарымен қамтылды. Оның ішінде «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша теория кабинеті «Вертуальды дәнекерлеу тренаржер», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және пайдалану» мамандығының теория кабинеті Вертуальды автотренажеры, студенттерге арналған 25 планшет, автокөлікті жүргізіп үйренуге арналған заманауи құралдармен жабдықталған. Ал шеберханаларға келетін болсақ «Автокөліктердің ақауын табатын диагностикалық аппараттар инжектор тазалайтын құрылғылар, автокөлік бөлшектерін, көліктің электроақауларын анықтайтын құрылғылар, дөңгелектердің тепе-теңдігін анықтайтын құрылғылар, автокөлік көтергіштері, білім алушыларға толық үйренуге арналған қозғалтқыштары, матор майларын ауыстыратын қозғалтқыштар, беріліс қорабын ауыстыратын құрылғылармен» жаңа заманауи технологиялармен толыққанды қамтылды.
Дәнекерлеу шеберханаларындағы барлық дәнекерлеу замануи үлгіде студенттерге қолайлы түрде жабдықталған, – деді Д.Тұрсынхожаев.

Түлектерге қандай мүмкіндік бар
Қолдарына диплом алған түлектер қайда қызметке орналасады? Осы сауал ата-аналарды көп мазалайды. Қазір колледжде 489 студент дәріс алады. Оның 124-і биыл қабылданған.
– Бізден түлеп ұшқан студенттердің 65-70 пайызы қызметке орналасады. Ол шартты түрде, ал, жоғары оқу орнына тестілеу арқылы грантқа түсуге де мүмкіндігі бар. Мәселен, былтыр бітірген 179 түлектің 122-і жұмысқа орналасса, 35 жас әскерге аттанды, 22 түлек жоғары оқу орнына түсті. Одан бөлек, жеке кәсіпкерлер және аудандағы ірі өндіріс орындарымен меморондум бар.
– “Шалқия Цинк ЛТД” мекемесімен мемоондум жасаған екенсіздер.
– Иә, Шалқия жер асты қазбаларын жүргізуге 4 жылға мердігерлікке отырған “Қытай-Азаматтық-Инженерлік-Құрылыс Корпорациясының” бас директоры Дзянг Хайвен және “Шалқия Цинк LTD” әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ғабит Ғазизқанұлы кәсіптік колледжде болды. Екі жақты өзара келіссөз арқылы аталмыш мамандықта оқып жатқан студенттер Шалқия кен орындарынан Өндірістік практикадан өтіп, іскерлік тұрғыда шыңдалады. Бітірген соң, тиісінше сіздердің тараптан жұмыспен қамту жайы қарастырылса деп негізгі сұранысты жеткізді. Тек онда басшылық құрам өзгеріп, сәл кідіріс болуда. Одан бөлек бітірушілер көлік қызметі, қыздар тігін шеберханалары мен аспаз қызметінде жүр. Сұранысқа сай мамандар Атырау мен Құмкөлге қызмет ауысытыр жатқандары да аз емес. Нақтысын айтқанда, біз білікті кадрларды дайын өнім ретінде шығарудамыз. Өйткені, ұстаздардың білім сапасы жоғары, республикалық жоғары оқу орындарынан тәжірибе жинауға жиі барып тұрады.
Мәліметіне дәлел ретінде жастарды іздедік. Біз 2019 жылы бітірген түлек Дидар Ибрагимовтың қызметіне келдік. Қазіргі сұранысқа сай автокөлік жөндеуді жетік меңгерген маманның қызметіне жаңақорғандықтар жиі жүгінеді. Соның ішінде өзім де бармын.
2021-2022 жаңа оқу жылында «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша 9 сынып негізінде 21 студент және «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 9 сынып негізінде 22 студент оқуға қабылданған. Оқубағдарламалары «TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамы келісіліп осы бағдарламамен оқу жүргізілуде.

Алдағы жоспар қандай?
– Колледжімізде 19 мамандық 24 біліктілік оқытылуда Тау кен саласы бойынша қазіргі уақытта оқытылып жатқан Жер асты тау-кен жұмысшысы мамандығы бар «Шалқия Цинк LTD»-ға керек мамандықтарын анықтап, алдағы уақытта жаңа мамандық ашу жоспарлануда. Атап айтқанда, тазарту забойының тау-кен жұмысшысы, үңгуші, жер асты тау-кен монтаждаушысы, техник-технолог, маркшейдерлік ісі, пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу мамандықтарыбар, – деп түйіндеді колледж директоры міндетін атқарушы Дәулетхан Мадиярханұлы.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ