№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – білікті жұмысшы мамандарды даярлаудың түп қазығы екендігі айқын.Сондықтан да заманауи техникалық және кәсіптік білім беретін колледждер еңбек жағдайының жедел өзгеруіне бейімделуге қабілетті, өндіріс процесіндегі заманауи өзгерістер мен жаңа техниканы меңгеруге лайықты қосымша мамандығы бар, қабілеті жоғары жұмысшы мамандарды даярлауға бағыт алуы міндетті.
Осы бағыттағы жұмыс барысымен танысу мақсатында Жаңақорған аудандық аграрлы – техникалық колледжге жақында аудандық мәслихат хатшысы, "Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық мәслихат депутаты Ғалымжан Сопбеков, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Сермұхамед Оразкелдиев, Серік Мырзабаев, Әсемкүл Тілеубергеновалар барып қайттық.
Колледжде Мемлекеттік тапсырыс бойынша 401 студент, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікке дамыту бағдарламасы негізінде 153, барлығы 554 студент білім алуда.
Қазіргі таңда колледж «Жас маман» жобасымен жұмыс жасауда. Жобаның мақсаты: республикалық және халықаралық деңгейлерде талап етілетін мамандарды даярлау. Елбасы тапсырмасымен іске асқан жоба аясында «Дәнекерлеу ісі» және «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша колледжге республикалық бюджеттен 320 млн тенге бөлініп, бұл қаржыға халықаралық стандарттарға сай соңғы үлгідегі құралдар сатып алынып, кезегімен жабдықталуда. Қазіргі таңда мемлекет қолдауына ие болған білім ұясы дуалды және модульді оқыту жүйесіне көшкен. Шалкия Цинк LTD мен Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі екі жақты меморандумға отырып жумыс жасауда.
27 қараша 2021 ж. 395 0