» » “Жас маман” жобасы Жаңақорғанда

“Жас маман” жобасы Жаңақорғанда

  «Жастар жылы» аясында «Жас маман» жобасы жүзеге асқанын білеміз. Бағдарламаның басты мақсаты – заман талабына сай білікті маман даярлау. Жоба аясында Қазақстандағы 795 оқу орнынан 180 кәсіптік білім мекемесі таңдалды. Соның ішінде біздің аграрлы-техникалық колледж бар. Бұл туралы оқу орнының директоры Дәулетхан Тұрсынхожаев жауап берді:
 – Жобаның мақсаты worldskills стандарттарының халықаралық тәжірибесін енгізе отырып техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы сұранысқа ие 100 мамандықты анықтау және қайта жаңғырту. Жобаны іске асыру қорытындылары бойынша оқу ұйымдары республикалық және халықаралық деңгейлерде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылатын болды.«Дәнекерлеу ісі» мен «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша колледжге республикалық бюджеттен 320 млн бөлінді. Бұл қаржыға кәсіптік білім мекемелері халықаралық стандарттарға сай соңғы үлгідегі құралдар сатып алынуда. Жас маман жобасы колледждің оқу өндірістік базасын жаңартып қана қоймай құзіреттілік орталығын құруға мүмкіндік бермек. Бөлшектеу құрастыру құрылғыларынан бөлек Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі базасына білім алушыларға жүргізіп үйренуге арналған су жаңа техникалармен толықты. Жас маман мемлекеттік бағдарламасы аясында білім ордасында еуропалық стандарттарға сай соңғы үлгідегі дәнекерлеу құралдары жеткізілді. Қазіргі мемлекет қолдауына ие болған білім ұясы дуалды және модульді оқыту жүйесіне көшті, – деді ол.
Міне, жобаның жаңалығы осы. Алдағы уақытта жастар тиімділігін көреді деп сенеміз...
26 қараша 2022 ж. 230 0