PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (8199)

16 қазан 2018 ж.

№77 (8198)

13 қазан 2018 ж.

№76 (8197)

09 қазан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛІКТЕР

ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛІКТЕР


Бауыржан Момышұлынан «Батырлық – тәуекел мен ақылдың есебінен шығуы тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал, ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды», деген тәмсіл қалған. Осы орайда, тәуекелге бел буып, 10 жылға созылған Ауған соғысында қан төккен батыр ағалардың ерен ерлігі қашанда мақтан етуге лайықты. Осыны ескерген аудан тұрғындары мен ел ағалары орталық Жеңіс саябағындағы «Тағзым алаңында» шейіт болған боздақтардың рухына Құран бағыштады.
Одан әрі «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына арналған «Ұмытылмас ұлы ерлік» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Шарада Ауған соғысы ардагерлері ұлықталды. Кешті аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Ерманұлы ашып, Ауған жерінде өткен сұрапыл соғыстың зауалын еске алып, оған аттанған қазақ жастарының көзсіз батырлығын тілге тиек етті.
– Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шыққанына 29 жыл толды. Ауғанстанға әскерді енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12-желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілген. Ауған жерінде интернационалдық борышын атқарған Кеңес әскері әділетсіз соғыстың құрбаны болды. Не бәрі 18 бен 20 жас арасындағы өрімдей жастар өзге елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз, – деп аудан әкімінің «Алғыс хатын» Ауған соғысы ардагерлері Ермек Әмелов, Кенжебек Аманов, Абибулла Алдабергенов пен Анарбай Искаковқа табыстады.
Сонан соң, кент әкімі Аллаберген Ахметов пен ардагер ұстаз Серік Мұсабаев Ауған соғысы батырларын құттықтап, сый-сияпат жасады.
Соңында «Ауған соғысы ардагерлері және патриот жастары» қоғамдық ұйымының төрағасы Қуаныш Әбілакімов пен ауданның бас имамы Сейдулла Омаров құттықтау сөз айтып, салтанатты шараны қортындылады.
Сондай-ақ, аудандық балалар кітапханасында соғыстың қасіреті жайлы мағлұмат беріп, Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген жауынгерлердің ерлігін насихаттау мақсатындағы «Ауғанның асуында от кешкендер» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Оқушыларымен кездесуге арнайы келген ауған соғысының ардагерлері Пернебай Жетпісбаев, Бектұрсын Ахметов, Амангелді Жанызбаевтар майдандағы естеліктерімен бөлісіп, жастарды бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды. Оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие болған шараны аудандық орталық кітапхананың директоры Әсем Тілеубергенова қортындылады.
Сонымен қоса, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде «Жалынды от кешкендер» атты ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Ауған ақиқатына, яғни, кешегі Ауған соғысының тарихына шолу жасап, білімгерлерге ата-бабаның тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау мақсатындағы жиын өскелең ұрпақты елін сүюге, еліне, халқына қызмет етуді тәрбиелеуге бағытталған.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
17 ақпан 2018 ж. 209 0