№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өз қаржымыз қажетімізге жарауы керек

Өз қаржымыз қажетімізге жарауы керек


Аудан әкімі Мұрат Тлеумбетов ауданға әкім болып келгелі алғашқы өткізген әкімдік мәжілісінде осы мәселені бірінші қарап, зерделеп алуды ұйғарғаны белгілі болды. Өйткені жергілікті бюджет тәуекелді түсімдермен өз деңгейінде қамтылса, тұрғылықты халықтың талап-тілектерін біршама өз мүмкіндігімізбен шешіп отыруға жағдай туады.


Мәжілістің күн тәртібінде бірінші мәселе аудан бойынша салықтық түсімдердің орындалуы, кірістер көздерін кеңейту, салық болжамын ұлғайту туралы Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Нұрлан Нұрсейітовтің ха­барламасы тыңдалды.
– Жаңақорған ауданы бойынша мем­лекеттік кірістер басқармасымен 2022 жылдың 1 сәуіріне мемлекеттік бюджет жоспары 8 915 574,0 теңге, түсім – 10 689 898,7 мың теңге болып, жоспар 119,9 пайызға, яғни белгіленген болжам 1 774 324,7 мың теңгеге артығымен орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімнің өсу қарқыны 163,6 пайызды құра­ды. Жергілікті бюджетке болжамдағы 906,061,0 мың теңге орнына 1,243 181,0 мың теңге түсіп, 137,2 пайызға артық орындалды, – деді ол. Хабарламашы одан әрі аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің өсу қарқыны, соған байланысты салық базасын ұлғай­ту бойынша атқарылған жұмыстарды саралады. Есепте 4 ірі заңды тұлға, 4209 дара кәсіпкер, және 1016 шаруа қожалығы тіркеуде тұр. Жалпы шағын және орта бизнес өкілдерінен бюджетке 7 370,8 мың теңге өндірілгенін айтты. Ал жұмысшы санын көрсетпей отырған салық төлеушілермен атқарылған жұмыстар нәтижесінде тиісті тараптар салық есептілігін қосымша қайта тапсырып, 325 жұмысшыға көбейтілген. Кентте жұмыс жасап тұрған 30 кәсіпкерлік нысан ғимаратының 13 сауда орны мүлік және жер салығына салық есептілігін тапсырмағандықтан егелеріне ескертумен қосымша салық есептілігін тапсырып, салық төленген. Шаруа қожалықтары бойынша жыл басынан бері 15 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылыпты. Сонан соң қарамағындағы жұмысшылар санын кемітіп, жасырып қалу фактілері де азаймай отыр. Аудан көлеміндегі жұмыссыздыққа тіркелген тұлғалардың санын азайту мақсатында «Жұмыспен қамту» бөліміне шетін жағдайларды қаперге алуы керектігі айтылды. Одан әрі салықтар, алымдар мен төлемдерден берешек көлемі, салықтық тексерулер, туралы баяндады.
Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы бүрсігүні бюджет және экономика бөлімі және мемлекеттік кірістер бас­қармасы, қаржы бөлімі басшылығын қабылдап, салықтан түсетін негізгі түсімдер бойынша биыл болжамданған 2 млрд 650 млн теңге межені 3 млрд-қа жеткізу жөнінде тапсырма беріп отырғанын айтты. Биыл үш айға артық орындалды деп отырған межені дұрыс жоспарланбаған деген пікірін де жасырмады. Мәселен, заңды тұлғалардың мүлік және жер салығы бойынша қамтылмаған көп кәсіпкерлік нысандары, сауда нүктелері бар. Дара кәсіпкер ретінде тіркелмей жұмыс жасап жүрген ағайын қанша. Бұлардың барлығы неге есепке алынбайды?
– Аудан бойынша кәсіпкерлік бөлім басшысының айтуынша, 580 дүкен бар, соның жартысы азық-түлік дүкені болса, соның ішінде алкогольді ішімдік сатуға рұхсат алған 74 дүкен ғана екен, – деген ол мұның өте аз көрсеткіш екенін айтты. Табысты кәсібін тасада қалдырып, жасырын сатумен айналысып жатқан сауда нүктелерін анықтауда құқық қорғау саласы қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасау жөнінде тапсырма берді. Алкоголь өніміне лицензия алмаған Қосүйеңкі, Жаңарық, Қожамберді, Көктөбе, Манап ауылдық оуругтеріне жергілікті бюджетке түсетін қаражатты қадағалауды тапсырды. Бұл ретте 5 жылдан бері ауылымызда ішімдік сатылмайды деген Өзгент ауылы әкімінің уәжі құлаққа жағымды естілді. Егер ауыл қариялары солай ұйғарып, ел соған тұрып, ішімдіккті сатуға тыйым салынса құба-құп. Әкім алдағы уақытта барлық азық-түлік дүкендерінің тауар ұсынымына алгоритм жасап, лицензиясын анықтау мәселесін тапсырды. Осы ретте аудан прокуроры Дарын Әбіш сөз алып, былтырғы жылы осы бағытқа талдау жасап, салық басқармасымен жұмыс жүргізу арқылы қазына қорын 36 млн теңге түсіммен молайтуға қол жеткізгенін айтты.
Жыл басында салықтан жалпы берешек 547073,0 мың теңге қа­лып­тасқан, соның 91 пайызы «КДСМ Қыран» ЖШС-нің еншісінде. Осы мә­селе бойынша өндіріс басшыларымен сөйлесуді өз міндетіне алды әкім. Басқа жинақталған қарыздар бойынша ауыл әкімдері, компания басшылары, барлық іс басында жүрген тұлғаларға іетек-жеңді жиып жұмыс істеп, 1 маусымға дейін салық түсімдері бойынша қарызды түгендеуді тапсырды. Кәсіпкер өз еркімен төленетін салығын төлеуі керектігін айтты. Аудандар арасында ең көп көлік құралы тіркелген аудан – Жаңақорған ауданы екен. Сөйте тұра салық жинаудан көрші аудандардан қалып келе жатқаны сынға алынды. Тіркеуде тұрған, қозғалыстағы көлікке салық төлеуін орындату ықпалды органдар үшін еш қиын емес Тек бұл жерде бірлескен іс-қимыл керек.
Келесі сөз алған аудандық экономи­ка және бюджеттік жоспарлау бөлімі­­нің басшысы Семсер Әсеновтың «Салық­тық түсімдердің орындалуы, кірістер көздерін кеңейту және салық болжамын ұлғайту туралы» баяндамасының маз­мұны да жергіілікті жерде қорда­ланған әлеуметтік мәселелерді қаржы­ландыруға қайткенде қол жеткіземіз деген мақсатты жобаларды тиянақтады.
Сондай-ақ жекелеген салық түрлері бойынша, атап айтқанда жер салығы бойынша: Жаңарық, Қожамберді, Көктөбе, Қыркеңсе, Өзгент, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Жаманбай батыр, Кейден, Шалқия, Сунақата, Қожакент, Аққорған, Жаңақорған, Төменарық, Екпінді, Талап, Манап, Қосүйеңкі ауылдық округтерінен орташа жылдық түсім 10,0 пайызға жетпесе, мүлік салығы бойынша Жаңарық ауылдық округінде орташа жылдық түсім бар болғаны 1,4 пайызды құрап отыр. Бұның бәрі ауылдық округ әкімі мен салық­шы мамандардың жауапкершілігінің төмендігін танытады.
– 2021 жылы кент және ауылдық округтердің жалпы сомасы 24813,8 мың теңге құрайтын салықтық түсімдері ау­дандық бюджетке қате түсіріліп жыл соңында аудандық бюджеттің бос қалдығында қалдырылса, биылғы жыл­дың 3 айының қортындысымен 3237,7 мың теңге қате түсіп, өткен жыл­ғы жағдай тағы қайталануда. Бұл дегеніміз кент және ауылдық округтер әкімдерінің салық түсімдеріне немқұрайлықты білдіреді, – деген хабарламашы кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен уәкілетті мемлекеттік органдар салық базасын кеңейту тетігін әрі қарай жетілдіру, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті есептеуді тәртіпке келтіру, салықтық әкімшілендіруді жүргізуді жақсарту мақсатында аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтудің қосымша резервтерін табу үшін барлық қажетті шараларды қолға алуы қажеттігін ескертті.
Мұнан соң Жаңақорған аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов «Аудан бойынша жайылымдық, шабындық жерлердің пайдаланылуы, саладағы проблемалар туралы» баяндады.
– Жеке және заңды тұлғаларадың өтініштеріне сәйкес 2021 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, шалғайдағы мал шаруашылығы үшін – 76 субъектіге көлемі 28 384,5 гектарды құрайтын жер учаскелері табысталды.
Жалпы аудан бойынша 26 ауылдық округтің 17 ауылдық округінде жұртшылықтың мал басына сай жай­ылымдық жер жетіспейтіні анықталып отыр.
Аудан бойынша өткен жылы анықталған пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы көлемі 24 194 гектар болатын 168 жер учаскесі анықталды. Екі шаруашылық субъектісімен көлемі 50,08 гектар болатын жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі аудан әкімдігінің қаулысы қабылданды, – деді ол. Жер Кодексі баптарының қолданыстағы өзгерістерін түсіндіру керек. Мониторинг талаптарын ескере отырып, кәсіп субъектілерінің пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық жерлерін қайтаруға қатысты түсіндірме жұмыстары кезек күттірмейтінін айтты.
Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Мұханов орман қоры жерінен ауыл шаруашылығы құрылымдары жалға алған жерлер туралы баяндады.

Баян ҮСЕЙІНОВА
04 мамыр 2022 ж. 303 0