Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев Өңірлік Коммуникациялар Қызметінде журналистерге берген брифингінде салық түсімдеріне тоқталды
Аудан басшысының айтуынша, 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында жергілікті бюджет 121,0 пайыз (болжам 921547,4 мың теңге, орындалғаны 1114861,5 мың теңге). Оның ішінде:
- салықтық түсімдер 112,1 пайыз (болжам 904981,0 мың теңге, түсім 1014615,9 мың теңге) яғни 109634,9 мың теңгеге артық;
- салықтық емес түсімдер 12,0 есеге орындалды. Болжам 6360,4 мың теңге, орындалғаны 76945,1 мың теңге, яғни 70584,7 мың теңге артық,
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсім 228,3 пайызға орындалды. Болжам 10206,0 мың теңге, орындалғаны 23300,5 мың теңге, яғни 13094,5 мың теңге орындалған.
Пікір 2