САЛЫҚ БАЗАСЫ ҰЛҒАЮДА

2019 жылдың 6 айында 11 такси қызметі тіркелген. Салық базасын көбейту бойынша атқарылған жұмыстар (жарты парақта) ағымдағы жыл басынан жылға салық базасын көбейту бойынша 71 млн. теңгеге 31 хабарлау және хабарлама қалыптастырылып, нәтижесінде бюджетке 6 млн. теңге өндірілді.
«Хорасан-U (Хорасан-U ЖШС)» «Бірлескен кәсіпорын» жауапкершілігі шектеулі серіктестік-2018 жылға тапсырылған корпоративтік табыс салығы бойынша декларациясында салық кезеңі үшін іс жүзінде есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының салық кезеңі ішінде төленген аванстық төлемдер сомасынан жиырма процент мөлшерде асып кеткендігі анықталды. Яғни, 2018 жылдың корпоративтік табыс салығы бойынша декларациясындағы салық салынатын табысы 9 600 385 252 теңгені, нақты есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 1 901 252 540 теңгені құрады. Ал, 2018 жылға тапсырылған корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы 1 500 001 665 теңге. Сондықтан іс жүзінде есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының салық кезеңі ішінде төленген аванстық төлемдер сомасынан асып түсуі 401 250 875 теңге. Яғни, асып түскен КТС сомасының есептелетін 20% айыппұл мөлшері 80 250 175 теңге өндірілді.